28 желтоқсан 2017 16:34

Арман Оспанов Полпудниковпен жекпе-жегі туралы таратып айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ережесі жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Арман Оспанов 8 News.ru сайтына берген сұхбатында Мәскеуде өткен ACB 77 турниріндегі Александр Полдпудниковпен даулы жекпе-жегі туралы өз ойын бөлісіп, онымен неліктен қайта жұдырықтасқысы келмейтінін түсіндірді.


Ережесі жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Арман Оспанов 8 News.ru сайтына берген сұхбатында Мәскеуде өткен ACB 77 турниріндегі Александр Полдпудниковпен даулы жекпе-жегі туралы өз ойын бөлісіп, онымен неліктен қайта жұдырықтасқысы келмейтінін түсіндірді.

"Шынын айтсам, Алексей Полпудниковтың қолын көтереді деп ойламадым да, күтпедім де. Тек өз пікірімді айтсам, бірінші және үшінші раундтарда мен жеңіске жеттім. Ал екінші раундта тепе-тең түстік...", - деді қазақстандық спортшы. 

Тілшінің "АСВ ұйымымен келісімшарт аяқталды. Полпудниковпен тағы бір жекпе-жек ұсынса, келісесіз бе? Әлде, үшінші жекпе-жек сізді қызықтырмай ма?" деген сұрағына Арман Оспанов былай деп жауап берді: "Шынын айтқанда, үшінші жекпе-жек туралы ойлаған жоқпын. Мен әлі де апелляция туралы ойлап жүрмін, бұл жекпе-жекте жеңгенім анық. Апелляция өтіп, бұл жекпе-жекте жеңісті маған бергенін қалаймын. Осы бойынша жұмыс істеп жатырмын. Келісім-шартты созамыз ба, басқа ұйымға ауысамыз ба, сол кезде белгілі болады. Үшінші жекпе-жек қызық емес. Маған екінші жекпе-жек те қызық болған жоқ. АСВ берген соң келістім. Үшінші жекпе-жектің не керегі бар? Екі рет те жеңдім, үшіншінің қажеті не? Мен бәрін дәлелдедім".

Сонымен қатар, Арман Оспановтың мүдесін қорғап жүрген Alash Pride клубының президенті Данияр Қасқарауов Мәскеуде ACB 77 турнирінде ресейлік Алексей Полпудниковпен өткен жекпе-жектің шешіміне берілген апелляцияның жағдайы жайлы айтып берді.

"Мен сол күні Арманмен бірге болдым, біз секундант болдық, біз бір командамыз, - деді Қасқарауов. - Мен жағдайды толығымен түсіндіргім келеді. Біз таңғы уақытта ұшып келдік, тағы бір рет қарап шықтық. Турнир аяқталғаннан кейін АCB президентімен, құрметті президентімен кездестік, олардың барлығы былай дейді: "Иә, Арман жеңді". Вице-президентте маған қоңырау шалып Арманның жеңгенін айтты... Танымал спортшылар, тәжірибелі, олар бірінші қатарда отырды, олар барлығын анық көрді. Төрешілер ассоциациясынан Игорь Демидов та былай деді: "Жоқ, бұл жерде сөзсіз Арман жеңді. Сол себепті де біз төрешілердің шешімімен келіспейміз. Мен өз ойымды АCB басшылығына айттым, олар "Біз төрешілердің шешіміне араласпаймыз деп уәде бердік..." деді".

Данияр Қасқарауовтың айтуынша, АCB апелляцияны қабылдамайтынын айтқан, шешімді өздері ғана шығарады. 

"Біз жеңдік, қалайша жеңісті оңай бере саламыз? Біз әзірше апелляцияға бермедік. Арман Оспановтың менеджері америкалық азамат Резван Магомедов. Ол Арманға АСВ басшылығына хабарласатынын және наразылық білдіретінін айтып уәде беріпті. Арман - біздің ең танымал спортшымыз. Ол көп еңбектеніп, көп жұмыс істеді. Мұны бағалау керек. Айта салу оңай, әрине: "Мен ештеңе істей алмаймын, сөз бердім" - деп. Ал адамдар айлап, жылдап жұмыс істеді, жаттықты, үйінде болмады", - дейді Alash Pride клубының президенті.

Еске салайық, Оспанов - Полпудников жекпе-жегі 23 желтоқсанда Мәскеуде өткен болатын. Бұл кездесуде 4:1 есебімен ресейлік жеңімпаз атанды, ал даулы жекпе-жектің видеосын мына жерден көре аласыз. Полпудников сөз алғанда зал ысқырып, наразылығын білдірген болатын. Кейін ол "қазақстандықтар үнемі өздерін осылай ұстайды және пасық дүниелер жазады" деген болатын. Ал Оспановтың командасы шешімге қарсы шағымданды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети