09 қыркүйек 2017 22:03

Арман Оспанов тұңғыш рет жеңілді - АСВ 69 турнирі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспанов АСВ 69 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық спортшы Тиаго Сильвадан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспанов АСВ 69 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық спортшы Тиаго Сильвадан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилиялық спортшы бірден шабуылға ұмтылды. Дегенмен Арман қарсыласының осал тұсын аңдып, бірінші болып жерге жықты. Соққының астына алғанмен, Тиаго Сильва төзімділік танытты. Артынша Арман екі рет қолының ауырту әдісіне түсіп, сытылып шыға білді. Алайда екінші раундта қарсыласының тұншықтыру әдісіне түсіп, жеңіліс тапты.

Арман Оспанов ережесіз жекпе-жекте алғаш рет жеңіліп отыр. Осыған дейінгі 8 кездесуінде де жеңіске жеткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети