28 қыркүйек 2018 19:32

"Астана Арланс" боксшылары WSB финалында "Куба Домадорестен" жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет WSB сайтынан Сурет WSB сайтынан

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кубалық Хулио Ла Крузадан Бүкіләлемдік бокс сериясының финалында (WSB) "Астана Арланс" пен "Куба Домадорес", арасындағы тоғызыншы кездесуде жеңіліс тапты, - деп Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кубалық Хулио Ла Крузадан Бүкіләлемдік бокс сериясының финалында (WSB) "Астана Арланс" пен "Куба Домадорес", арасындағы тоғызыншы кездесуде жеңіліс тапты, - деп Vesti.kz.

Финалық турнирдің екінші күні Қытайдың Цзиньцзянь қаласында өтті.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша, 81 келі салмаққа дейінгі кездесуде Нұрмағанбетов пен Ла Круз арасындағы жекпе-жекте төрешілер жеңісті 50:44, 48:47, 50:45 есебімен кубалық боксшыға берді.

Айта кетейік, 29 жастағы Ла Круз - Рио Олимпиадасының чемпионы және әлемнің төрт дүркін чемпионы. 2016 жылы өткен Олимпиада ойындарында және 2013 жылғы әлем біріншілігінде ол Әділбек Ниязымбетовты жеңген еді.

Осылайша, WSB финалының екі күндік қорытындысы бойынша "Куба Домадорес" боксшылары 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл дегеніміз кубалық команда екі рет чемпион атанған "Астана Арланспен" осы жарыста қазақстандық командамен жеңіс саны бойынша тең түсті.

Финалдың соңғы кездесуінде қазақстандық супер ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаева Хосе Лардуетпен жұдырықтасады - алайда оның нәтижесі есепке алынбайды.

Осыған дейін Асланбек Шымбергенов (69 келіге дейін Рониэль Иглесиастан жеңілді, Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін) Хорхе Гриньянды жеңді. Теміртас Жүсіпов (49 келіге дейін) Дамиан Арсе Дуартені тізе бүкітрді, ал Ілияс Сүлейменов (56 келіге дейін) Освиэль Давид Кабалльеро Гарсиядан ұтылды, Ділмұрат Мижитов (64 келіге дейін) Энди Круздан жеңіліс тапты. Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін) Ослейса Иглесиас Эстрадты жеңді, ал Нұрбол Алтаев нокдаунға түсіп, Эрисланди Савоннан жеңілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети