20 наурыз 2014 10:11

Astana Arlans пен German Eagles клубтары арасындағы жекпе-жекке қатысатын боксшылар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет:  WSB сайтынан Сурет: WSB сайтынан

WSB сериясының төртінші маусым ширек финалында кездесетін "Astana Arlans" командасы мен "German Eagles" клубы арасындағы жекпе-жекке қатысатын боксшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ханау қаласында өтетін бұл командалардың арасындағы жекпе-жекте бірінші болып 49 келідегі былғары қолғап шеберлері шығады. Неміс командасы бұл салмақта румыниялық легионері Овидиу Берцянуды шығарса, "арландар" намысын Мардан Берікбаев қорғайды. 56 келі салмақта Мейірболат Тойытов пен ирландиялық боксшы Майкл Конлан айқасады. 64 келіде біз Асхат Уалиханов пен Артем Харутюнянның жекпе-жегін тамашаласақ, 75 келі салмақта Роберт Радован WSB жобасының жекелей сынында екі мәрте үздік атанған "арлан" - Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады. Ал жартылайай ауыр, яғни 91 келіде Василий Левит пен Артур Манн қолғап түйістіреді. Айта кетейік, WSB сериясының төртінші маусымының топтық кезең қорытындысы бойынша, "Астана арландары" "А" тобында екінші орын алды. Біздің топта бірінші орынды алған Cuba Domadores командасы ширек финалда америкалық USA Knockouts клубымен жолығады. Ал, ширек финалға шыққан өзге жұптарда ресейлік "Russian Boxing Team" командасы украиналық "Ukraine Otamans" ұжымымен, әзірбайжандық Baku Fires италиялық Italia Thunder командасымен кездеседі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети