28 наурыз 2014 10:30

"Astana Arlans" пен "German Eagles" командаларының қарымта кездесуіне қатысатын боксшылар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана арландары" командасының капитаны - Самат Бәшенов. Сурет: WSB сайтынан "Астана арландары" командасының капитаны - Самат Бәшенов. Сурет: WSB сайтынан

WSB cериясының ширек  финалында кездесетін "Astana Arlans" пен "German Eagles" командалары арасындағы қарымта кездесуге қатысатын былғары қолғап шеберлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


WSB cериясының ширек  финалында кездесетін "Astana Arlans" пен "German Eagles" командалары арасындағы қарымта кездесуге қатысатын былғары қолғап шеберлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

5 сәуір күні Алматының "Балуан Шолақ" атындағы спорт ғимаратында өтетін бұл кездесуде бірінші болып 52 келіде "арлан" Мирас Жақыпов пен Роони Беблик жұдырықтасады. 60 келі салмақта біздің команданың капитаны Самат Бәшенов пен Артур Брил шықса, 69 келі салмақта Мейірім Нұрсұлтанов пен Вячеслав Кербер қолғап түйістіреді. Ал, 81 келіде Лондон Олимпиадасына қатысқан Данабек Сужанов пен Сержа Мишель кездесетін болса, кешті +91 келі, яғни аса ауыр салмақтағы боксшылар Руслан Мырсатаев пен Аматыда өткен әлем чемпионатының ширек финалына дейін жеткен Эрик Пфайфер қорытындылайды.

Егер екі команда арасындағы он кездесуде есеп тең болатын болса, онда 11-ші жекпе-жек өтеді. Жеребеге сәйкес ол кездесуде 52 келі салмақтағы боксшылар шығады. "Арландар" бұл кездесуге Ілияс Сүлейменовты қосса, неміс командасы Стивен Малейкті шығарамыз деп отыр.

Айта кетейік, бұл командалардың арасындағы алғашқы кездесу 29 наурыз күні Германияда өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети