Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Астана" баскетбол клубына Хорватия қыраны келді

08 Шілде 2014, 17:15
0
Лукша Андрич. ©Bcastana.kz
Лукша Андрич. ©Bcastana.kz

"Астана" баскетбол клубы Хорватия құрамасының ойыншысы Лукша Андричпен келісімшартқа отырғанын бүгін ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Лукша Андрич – орталық шабуылшы, Хорватия құрамасының ойыншысы, Еуропа чемпионатына қатысқан. 1985 жылы 29 қаңтарда туған. Бойы – 208 см.

Баскетболдағы кәсіби карьерасын 2001 жылы бастап, Хорватияның "Дубровник" клубында өнер көрсеткен. Бірнеше елдің клубтары ойнайтын Адриат лигасында (NLB Liga ABA) және Түркия чемпионатында ойнап, тәжірибе жинақтаған. Еуролига додасында да шыңдалған.

Хорватияның бірнеше дүркін чемпионы (2005-06, 2006-07, 2008-09, 2009-10 жылдардағы), Хорватия кубогының иегері (2009), Түркия Президенті кубогының иегері (2011), баскетбол жұлдыздары матчында ойнаған (Хорватия, 2005, 2006, 2007 және 2008 жылдар). Сонымен қатар, 2009 жылы Хорватия құрамасының сапында Жерорта теңізі елдері ойындарының жеңімпазы атанған.

Өнер көрсеткен клубтары:
"Дубрава" (Хорватия, 2003-2005)
"Цибона" (Хорватия, 2005-2010)
"Галатасарай" (Түркия, 2010-2012)
"Цетевида" (Хорватия, 2012-2013)
"Түрк Телеком" (Түркия, 2013-2014)

Андрич соңғы клубы "Түрк Телеком" сапында, орта есепен әр ойында 9 ұпайдан еншілеп отырған.

Андричтің мол тәжірибесіне және еңгерзедей дене бітіміне қызықан "Астана" баскетбол клубы оған үлкен сенім артады. Алдағы маусымда команданың алға сүйрер үздік ойыншыларының бірі болады деп үміттенеді.

Айтпақшы, Лукша Андрич 2011 жылы түріктің "Галатасарайы" сапында "Астананың" қазіргі бетке ұстар ойыншысы, біздің елдің азаматтығын алған "жаңа қазақ" Джерри Джонсонмен бірге ойнапты. Енді екеуі халықаралық додаларда "Астана" клубының тасын өрге домалатуға тырысады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай