Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Астана" баскетбол клубында – жаңа жұлдыз

24 Шілде 2014, 16:20
0
Никлас Кэнер-Мидли. ©Bcastana.kz
Никлас Кэнер-Мидли. ©Bcastana.kz

Баскетболдан "ВТБ бірегей лигасы" маусым аралығындағы ең маңызды келісімшарттарды тізіп шығып, "Астана" клубының еңгерзедей екі жаңа ойыншысын өте жоғары бағалапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Әсіресе, америкалық шабуылшы Никлас Кэнер-Мидлидің Қазақстан клубына ауысқандығын трансферлік "бомбаға" теңепті. "Астана" клубымен маусым айының аяғына қарай келісімшартқа отырған Никлас Кэнер-Мидлидің 2011 жылы Испания чемпионатының MVP (ең бағалы) ойыншысы атанғандығына айрықша көңіл аударған.

"30 жастағы америкалық баскетболшы – Еуролигадағы командалардың алғашқы бестігінде өнер көрсететін деңгейдегі ойыншы. Қазақстанға бұған дейін мұндай жоғары деңгейдегі ойыншы әкелінбеген. Кэнер-Мидли – қолды-аяққа тұрмайтын шапшаң ойыншы. Шабуылды нәтижелі аяқтап, үш ұпайлық соққыларды да торшеңберге дәл түсіре алады. Ойланып ойнау қабілеті тамаша. Бір сөзбен айтқанда, "ВТБ бірегей лигасында" жаңа жұлдыз пайда болды", – деп жазылыпты аталған лиганың ресми сайтында.

Никлас Кэнер-Мидли 1983 жылы 20 қазанда туған. Бойы – 203 см. Еуропаның маңдайалды клубтарында шыңдалған тәжірибелі ойыншы.

Баскетбол өнеріндегі алғашқы қадамын Портлендтегі "Диринг" мектебінде бастаған. Мектеп баскетболы карьерасында "Жылдың үздік спортшысы» атанған.

Өнер көрсеткен клубтары:
2002-2006 жылдар – "Мэрилэнд" колледжі (NCAA),
2006 жыл – "Детройт Пистонс" сапында "Toshiba Vegas Summer League" додасына қатысқан,
2007-2008 жылдар – "Артланд Драгонс" (Германия),
2008-2009 жылдар – "Кахасоль-Севилья" (Испания),
2009-2011 жылдар – "Эстудиантес" (Мадрид, Испания),
2011-2012 жылдар – "Валенсия" (Испания),
2012-2013 жылдар – "Маккаби" (Тель-Авив, Израиль),
2013-2014 жылдар – "Уникаха" (Малага, Испания).

Сондай-ақ, 29 жастағы хорват баскетболшысы Лукша Андрич те Қазақстан клубының ең үздік ойыншыларының біріне айналатындығына сенімді екендіктерін білдірген. Еуролига аясында және өз елінің ұлттық құрамасы сапында көп ойын өткізген Андричтің мол тәжірибесі кәдеге жарайды деген пікірлерін ашық жазған.

Олар бұл ретте, "Хорватия қыраны торшеңбер түбін алып денесімен көлегейлеп, қарсыластарының ойыншыларын сол жерден ығыстырып, өз командаластарына жол ашады" деген пікірде екен.

Сонымен қатар, "ВТБ бірегей лигасының" мамандары (сарапшылары) Қазақстан клубының бас бапкер Александар Трифуновичке бастаған жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік беріп, серб маманымен келісімшарттың ұзатылғандығын өте дұрыс деп санайтындықтарын баяндаған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай