Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

"Астана" баскетболшылары ел біріншілігінде финалға шықты

11 Сәуір 2014, 11:30
0
Сурет bcastana.kz сайтынан
Сурет bcastana.kz сайтынан
Сурет bccaspiy.kz сайтынан
Сурет bccaspiy.kz сайтынан

"Астана" баскетболшылары Қазақстан чемпионатының жартылай финалында Ақтаудың "Каспий" клубын ұтып, финалға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Баскетболдан да Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері анықталатын шешуші ойындары плей-офф жүйесімен өтіп жатыр. "Ұлттық лигадағы" еліміздің үздік бес командасының төртеуі жартылай финалға шыққан.

Ел біріншілігінің негізгі додасының қорытындысы бойынша, 95,8 пайыздық көрсеткішпен бірінші орынға ие болған "Астана" төртінші орынды еншілеген "Каспий" (Ақтау) клубымен кездесті. Жартылай финалдық екінші жұпта ел біріншілігінде екінші және үшінші орындарды иеленген "Барсы" (Атырау) және "Қапшағай" (Талдықорған) клубтары додаға түсуде.

"Астана" бірінші болып финалға шықты. Үш жеңіске дейін созылу тиіс болған доданы қысқа қайырды. Яғни үш рет қатарынан жеңіске жетіп, финалға шықты. Ойын нәтижелері – 86:70, 90:77 және 82:76.

Бірақ, бір қызығы, үш ойында Астанада өтті. Ақтау жанкүйерлері өздерінің сүйікті клубтарының айбынды "Астанаға" дес бермей, терезесі тең өнер көрсеткендерін көре алмады. Әрі Ақтау клубының өкілдері екінші ойынның соңғы минуттарындағы төрешілердің бірінің шешіміне – наразы.

"Каспий" клубының ресми сайтының жазуынша, соңғы секундтарда төреші түсініксіз шешім қабылдап, елордалықтардың есепті теңестіруіне мүмкіндік берген. Ал овертаймда азулы "Астана" қарқындарын үдетіп, жеңісті жұлып әкеткен.

Әрине, дәл қазір Ақтау клубы деңгейі өзінен жоғары "Астананы" жеңіп, финалға шығар еді деп ойламаймыз. Бірақ егер сол екінші ойында "Каспий" жеңіске жеткенде, екеуара дода қыза түсері сөзсіз еді. "Астанамен" неғұрлым көбірек ойнаса, тәжірибе жинақтап, ысыла түсетін де еді ғой. Ал бұл басқа клубтарымыздың жетіле түсуі үшін өте маңызды емес пе?!

Иә, сөйтіп "Астана" финалға бір деммен шықты. Ал екінші жұптағы дода шектен тыс қызып тұр. "Барсы" мен "Қапшағай" бірін-бірі ала алмай, әлі арпалысып жатыр. Соңғы бесінші ойын жексенбі күні, 13 сәуірде Атырауда өтеді. Қайсысы жеңсе, сол финалға шығады. Ал ақтық ойындар (финал және ІІІ-орын үшін) 17-30 сәуір аралығында өтеді.

Баскетбол. Қазақстан чемпионаты. Плей-офф. Жартылай финал.

"Астана" – "Каспий" (Ақтау) – 3:0 (86:70, 90:77, 82:76)
"Барсы" (Атырау) – "Қапшағай" (Талдықорған) – 2:2 (69:79, 93:97, 103:83, 96:48, 13.04)


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай