26 қараша 2015 10:25

"Астана" - "Бенфика" матчының ең үздік ойыншылары аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бесінші турының аясындағы "Астана" - "Бенфика" кездесуінің ең үздік ойыншылары анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бесінші турының аясындағы "Астана" - "Бенфика" кездесуінің ең үздік ойыншылары анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Goal.com сайтының нұсқасы бойынша, қазақстандық клубтың құрамында жартылай қорғаушы Патрик Твумаси, шабуылшы Жуниор Кабананга және қорғаушы Марин Аничич ерекше көзге түсті. "Бенфика" қақпасына гол соққан Твумаси мен Аничичке бес балдық шкала бойынша 3,5 балдан берілді. Кабананга да дәл осындай бағаға ие болды.

Кездесудің ең үздік ойыншысы португалиялық Рауль Хименес атанды. "Астанамен" болған ойында дубль жасаған ол 4 балға ие болды.

Еске сала кетейік, матч 25 қараша күні Астана қаласында болды. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің соңғы ойынын "Астана" 8 желтоқсан күні "Галатасарай" клубына қарсы өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети