01 мамыр 2014 20:33

"Астана" қонақтардың аз ғана құрамынан ұтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото bcastana.kz сайтынан алынды Фото bcastana.kz сайтынан алынды

Бүгін "Астана" баскетбол клубы плей-офф додасының алғашқы сатысындағы бірінші ойынын өткізіп, Ресейдің "Нижний Новгород" клубынан 58:71 есебімен оңбай ұтылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін "Астана" баскетбол клубы плей-офф додасының алғашқы сатысындағы бірінші ойынын өткізіп, Ресейдің "Нижний Новгород" клубынан 58:71 есебімен оңбай ұтылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Астана" баскетбол клубы "ВТБ бірегей лигасы" аясындағы плей-офф додасының бірінші сатысында немесе 1/8 финалында "Нижний Новгород" (Ресей) клубын қабылдаған еді. Бұл команда аталған лиганың негізгі біріншілігінде "А" тобында өнер көрсетіп, төртінші орынға ие болған. Ал "Астана" "В" тобында бесінші орынды иеленген болатын.

Астанадағы бірінші кездесу қарсаңында "Нижний Новгород" клубының бірталай ойыншысы жарақат алып қалыпты деп естігенбіз. Сол рас болып шықты. Ресейден келген қонақтардың тоғыз ойыншысы ғана қатарда екен. Әдеттегідей ресми кездесуге 12 ойыншы шығара алмай, сол тоғыз жігітімен ғана додаға түсті. Әрі араларында бірде-бір легионер жоқ. Өңшең – ресейлік ойыншылар.

Әйтсе де, қонақтардың жеңіске деген жігерлері басым болды. "Астана" ойыншылары құрамы селдіреп қалған қонақтарын "қалпақпен" ұрып аламыз деп ойлады ма, екен, жоқ әлде, шабыттары шау татқан ба, белгісіз. Әйтеуір қимылдары баяу, жылдамдықтары төмен болды. Алға ұзап кеткен қонақтарын қуып жете алмай, бірінші ойында жеңілістің кермек дәмін татты.

Алайда "Астананың" бас бапкері, серб маманы Александар Трифунович "Айтқандарымның бәрі кездесу барысында жүзеге аспады, бүгін ойынымыз жүрмеді. Енді бұл жеңілісті ұмытыуымыз керек. Нижний Новгородқа тек жеңіс үшін барамыз. Мүмкіндігіміз бар", – деп намысты қолдан бермейтіндерін меңзеп отыр.

Көрейік, қалай боларын. Әліптің артын бағып, күтеміз. Келесі кездесудің ысқырығы 4 мамыр күні Нижний Новгородта безілдейді. Егер "Астана" жеңіске жетіп, есе қайтарса, онда жалпы есеп теңеседі. Содан соң шешуші матч 5 мамыр күні тағы да Нижний Новгородта өтеді.

1/8 финалы (екі жеңіске дейін). Бірінші ойын. Астана.

"Астана" (Қазақстан) – "Нижний Новгород" (Ресей) – 58:71 (15:18, 13:21, 17:19, 13:13)
"Астана": Патрик Калатес – 18 ұпай, Джерри Джонсон – 16, Дэвид Саймон – 9, Бранко Цветкович – 8, Янис Блумс – 3, Дмитрий Климов – 3 , Оласени Лавал – 1.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети