10 наурыз 2014 22:49

"Астана" Литвада плей-офф жолдамасына қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет vtb-league.com сайтынан Сурет vtb-league.com сайтынан

Биылғы маусымды өте сәтсіз бастаған "Астана" баскетболшылары маусым ортасында бас бапкерін ауыстырып, қамшыны басты. Тіпті Клайпедада жергілікті "Нептунас" клубын ұтып, плей-оффта бақ сынау құқығына теория жүзінде қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Астана" баскетбол клубы маусым басында "ВТБ бірегей лигасындағы" сүреңсіз ойындарымен жанкүйерлерін мезі қылған. Тіпті өз алаңында аутсайдер командалардан ұтылып қалып, оның ақыры бас бапкерін ауыстырумен тәмамдалған. Өйткені Қазақстан клубы "ВТБ бірегей лигасының" плей-офф додасына ілігуден үмітін түпкілікті үзе бастаған-ды. Осылай желтоқсанның басында клуб басшылары "Астананы" екі жыл жаттықтырған Италия маманы Маттео Бонничиоллиді қызметінен босатып, оның орнына серб маманы Александар Трифуновичті тағайындаған болатын. Серб маманы кежегесі кейін тартқан "Астананың" тасын өрге домалатып, ойын өрнегін түлетті. Команда тізгінін А.Трифунович ұстағалы Қазақстан клубы "ВТБ бірегей лигасы" аясында 10 ойын өткізіп, соның алтауында жеңіске жетті. Ең бастысы, осыдан бір күн бұрын Литвада "Нептунас" клубын 91:86 есебімен ұтып, плей-оффта ойнауға қол жеткізді. Әрине, "ВТБ бірегей лигасының" негізгі додасы әлі аяқталған жоқ. Десек те, "В" тобындағы "Астананың" плей-оффта ойнайтындығына енді күмән келтіруге болмайды. "Астана" Клайпедада нәтижелі ойын үлгісін көрсетті. Әсіресе команданың ойынын үйлестіруші "жаңа қазақ" Джерри Джонсон сарғыш допты ұршықша үйірген шеберлігімен көпшілікті тәнті етті. Ол әріптестеріне де тамаша пастар беріп, жағдай жасап отырды. Әрі өзі де торшеңберге допты дөп түсіріп, команда қоржынына 19 ұпай салды. Тіпті осы турдағы лиганың ең үздік ойыншысы атанды. Негізі, Литвадағы ойында "Астана" сапында ең көп ұпай жинаған еңгерзедей орталық ойыншымыз Дэвид Саймон болды. Ол команда қоржынына 24 ұпай салды. Сондай-ақ мына ойыншыларымыз ерекше көзге түсті: Бранко Цветкович – 16 ұпай, Патрик Калатес – 13, Янис Блумс – 9. Қазір "Астана" "В" тобында 17 ойында сегіз рет жеңіске жетіп (47,1 көрсеткішпен) төртінші орында тұр. Ал плей-оффқа екі топтан алты командадан шығады. Енді екі топтағы командаларға 1-3 ойыннан өткізіп, лига біріншілігін тәмамдайды. "Астана" соңғы ойынын 24 наурыз күні Латвияда ВЭФ (Рига) клубымен өткізеді. Латыш баскетболшылары "В" тобында алты жеңіспен (37,5 көреткішпен) 7-орында тұр. Дәл осы соңғы ойында "Астананың" плей-оффта ойнайтындығы іс жүзінде шешілуі керек. "Астана" клубының бас бапкерлік тізгінді Александар Трифунович ұстағалы өткізген ойындары: "Астана" – "Химки" (Химки, Ресей) – 75:96 (түзде) "Астана" – ВЭФ (Рига, Латвия) – 89:81 (үйде) "Астана" – "Триумф" (Люберцы, Ресей) – 81:82 (түзде) "Астана" – ЦСКА (Мәскеу) – 69:88 (үйде) "Астана" – "Красные Крылья" (Самара) – 77:66 (түзде) "Астана" – "Красный Октябрь" (Волгоград) – 106:86 (үйде) "Астана" – "Азовмаш" (Мариуполь, Украина) – 95:80 (үйде) "Астана" – "Химки" (Ресей) – 69:91 (үйде) "Астана" – "Цмоки-Минск" (Беларусь) – 99:82 (үйде) "Астана" – "Нептунас" (Клайпеда, Литва) – 91:86 (түзде) "Астана" – ВЭФ (Рига, Латвия) – ? (түзде)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети