28 сәуір 2014 12:49

"Астана" мен "Галатасарай" ынтымақтастық Меморандумына қол қояды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет sk.kz сайтынан Сурет sk.kz сайтынан

"Астана" Президенттік кәсіби спорт клубы мен "Галатасарай" спорт клубы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюларына байланысты ертең елордада баспасөз жиынын өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Астана" Президенттік кәсіби спорт клубы мен "Галатасарай" спорт клубы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюларына байланысты ертең елордада баспасөз жиынын өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақтың "Астана" Президенттік кәсіби спорт клубы мен түріктің "Галатасарай" спорт клубы халықаралық қарым-қатынастарын күшейтіп, әлеуетті комммерциялық мүмкіндіктерін жетілдіре түсу мақсатында өзара ынтымақтастықта болуға келісіпті. БАҚ өкілдері алдындағы қол қою рәсімі ертең "Самұрық-Қазына" ғимаратында ұйымдастырылады.

Анықтама ретіндей айта кетейік, "Галатасарай" (түрікше – Galatasaray Spor Kulübü немесе Galatasaray S.K.) – түріктің Стамбулдағы спорттық клубы. Құрамына баскетбол, волейбол, су добы, ескек есу, жүзу, жеңіл атлетика, мотоспорт және басқа да спорт түрлері секцияларын (ұжымдарын) біріктірген. Сондай-ақ әлемге өз аттас футбол командасымен де танымал.

Бұл клуб 1905 жылы Галатасарай лицейі (негізі 1481 жылы қаланған жоғары оқу орны) қабырғасында футбол клубы ретінде құрылған. Құрамында тек осы оқу орнының оқушылары ойнаған. Әу баста "Галатасарай" ұйым ретінде тіркелмеген. Өйткені Түркияда спорттық заңнамалар реттелмеген болатын. 1912 жылы тиісті ережелер қабылданған соң, клуб заңды негізде қызмет ете бастаған.

Біз "Астана" Президенттік кәсіби спорт клубы мен "Галатасарай" спорт клубының өзара ынтымақтастығы екі елдің спортына да көп пайда келтіреді деп сенеміз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети