20 қазан 2014 19:01

Астанада ескек есуден Азиада жүлдегерлерін ешкім құттықтамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтауда академиялық есу спортының жүлдегерлері ұмыт қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Азиада Кореяның Инчхон қаласында 4 қазанда аяқталған болатын.

Жарыс жүлдегерлері қатысқан салтанатты рәсім 18 қазанда болып өтті. Әзірше белгісіз себептермен Қазақстанның академиялық есу спорты бойынша құрамы ресми шарада ұмытылып кетті. Олар күміс және қола медаль жеңген болатын. Рәсімде сегіз спортшының (екі жұп және бір төрттік) аты аталмады.  

Азиада жүлдегерлеріне бұл жағдай қалай әсер еткені жайлы толығырақ мәліметті мына жерден оқи аласыздар. Айта кетейік, Инчхондағы Азиада Қазақстан құрамасы тарихындағы ең сәтті ойындар болды: спортшылар 28 алтын, 23 күміс және 33 қола медальмен жалпы командалық есепте 4-орын алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети