05 қазан 2016 15:35

Астанада спорт жұлдыздарының аллеясы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Астанада спорт жұлдыздарының аллеясы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Астанада спорт жұлдыздарының аллеясы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін "Ғашықтар саябағында" Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада және Паралимпиада ойындарының қатысушылары мен Олимпиялық қозғалыста еңбек сіңірген қайраткерлер 19 тянь-шандық шырша отырғызды.


© Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі

"Жастар үлгі алуы үшін "чемпиондар аллеясын" отырғызу ҰОК басшысы Тимур Құлыбаевтың идеясы болатын. Көріп отырғанымыздай, көптеген жас балалар келген, чемпиондар қолтаңба беріп жатыр. Аллея біздің жеңімпаздардың санымен арта түседі", - деді ҚР ҰОК спорттық ұйымдар департаментінің директоры Арман Ташметов.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзінің серіктері секілді жаттығу жұмыстарын үзуге тура келді. Боксшылар қайта қалпына келу жаттығуларын Астанада бастап кеткен болатын.

"Бала кезімде тал отырғызатынмын, - деп бөлісті Елеусінов. - Бау-бақша болатын. Астанада тұрамын, өзім еккен шыршаның қалай өсіп жатқанын бақылап жүретін боламын. Су құйып тұрамын".


© Vesti.kz

Соңғы рет бала кезімде ектім. Ол тал да емес, қателеспесем картоп болатын, - деп күлді Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит.

Талдықорған өкілі, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Карина Горичеева бір тәулікке Астанаға ұшып келген. Оның айтуынша, Астанаға келген сайын "Ғашықтар саябағына келіп, өзі еккен талды қарайтын болады. 

"Мені осындай іс-шараның өтіп жатқанына өте қуаныштымын", - деді Горичеева. - Өте қызық, бірінші рет тал егіп отырмын. Оның үлкен болып өсетініне сенемін. Бірақ мен бір тал еккеннен гөрі, он рет зілтемірін көтерер едім. Бұл қиын екен". Аллеяның Ғашықтар саябағында орналасқанына байланысты қойылған сұраққа, махаббат мен үшін екінші орында деп жауап берді. "Токиода өтетін Олимпиададан кейін махаббат болады", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети