29 тамыз 2014 13:24

Астанада таэквондодан әлемдік Гран-при турнирі басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Мамаев. ©Қазақстанның таэквандо федерациясы Нұрсұлтан Мамаев. ©Қазақстанның таэквандо федерациясы

Бүгін Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде таэквондодан әлемдік Гран-при турнирінің кезекті жарыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның бас бапкері Мұстахим Қабдырашевтың айтуынша, біздің спортшылар үшін жеребе оңайға түскен жоқ. 


Бүгін Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде таэквондодан әлемдік Гран-при турнирінің кезекті жарыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның бас бапкері Мұстахим Қабдырашевтың айтуынша, біздің спортшылар үшін жеребе оңайға түскен жоқ. 

"Спортшыларды рейтинг бойынша жіктеп қойды. Қазақстанға тоғызыншы нөмір түсті. Демек, медальға жету үшін біздің барлық спортшыларымыз үшінші айналымда рейтингі жоғары спортшыларымен бақ сынасуы тиіс. Ал олардың ішінде әлемнің жеті дүркін чемпионы мен Олимпиада жеңімпаздары бар", - дейді Қабдырашев. Оның сөзіне қарағанда, біз үшін алтын алу қиынға соғады. Себебі Қазақстандағы таэквондоның деңгейі әлі жоғары емес. Дегенмен әртүрлі санаттағы екі-үш медаль бұйырады деген үміт бар. 

Айта кеткен жөн, тамыздың 31-іне дейін жалғасатын әлемдік жарысқа 50 елден 200-ден астам спортшы қатысуда. Гран-при турнирі Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ел намысын 9 спортшы қорғайды. Олар -  Нұрсұлтан Мамаев (58 келіге дейін), Қайрат Сарымсақов (68 келіге дейін), Мақсат Абдрамбек (80 келіге дейін), Смайыл Дүйсебай (80 келіден жоғары), Фариза Алдоңғарова (49 келіге дейін), Әсел Қойлыбай (57 келіге дейін), Гүлім Бибалаева (67 келіге дейін), Феруза Ергешова және Мереке Жүнісова (екеуі де 67 келіден жоғары). 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети