Астанада 15 маусымда Аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты басталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада 15 маусымда Аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты басталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Чемпионат аясында Азия чемпионатына қатысатын палуандар таныстырылады деп күтілуде."Байрақты бәсекеге 11 мемлекеттің құрыш қолды, тақымы тастай палуандары қатысуға ниет білдіріп отыр", - делінген қауымдастық таратқан мәліметте.
Бұл жоба Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Қазақстанның сайдың тасындай іріктелген спортшылары арасынан Азия құрлығындағы аударыспақтан ең мықты палуанды анықтайды.Чемпионат 70, 90 және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Жарыс соңында жүлде алған палуандар абсолютті чемпион атағын сараптайды.
Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алуға тырысатын қазақтың ұлттық спорт түрінің бірі. Ат үстінде күресе білу үшін спортшыдан атты жақсы меңгеруімен қоса, үлкен күштілік, ептілік, төзімділік пен батылдылық талап етіледі.
ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі ұйымдастырып отырған ұлттық спорттан өтетін Азия чемпионатының бас демеушісі "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры.