Ауыр атлетикадан Алматыда жалауы желбіреген әлем чемпионаты бүгін кешке аяқталады. Қазақстан зілтеміршілері ішінен ең соңғы болып, 105 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі алыптарымыз бақ сынаған, деп жазады Tengrinews.kz.

Екеуі де "В" тобында бақ сынады. Екеуі де барлық қарсыластарынан жас болып шықты. Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болған Ибрагим Берсанов та, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Зелимхан Абубакаров та аса жоғары нәтиже көрсете алмады.
Берсанов қосайыс қорытындысы бойынша 398 (180+218) келімен "В" тобында төртінші орынға ие болды. Ал Абубакаров 385 (175+210) келіні еңсеріп, сегізінші орынмен шектелді.
Жалпы, "В" тобында 406 (187+219) келімен жапон Казуоми Ота топ жарды. Екінші орынды 405 (188+217) келі көрсеткішпен өзбекстандық Иван Ефремов иеленді. Армян Хайк Хакобян 400 (182+218) келімен үшінші орынға ие болды.
Осы салмақтағы үздіктер, яғни "А" тобындағы зілтеміршілер бүгін сағат 17:00-де сынға түсіп, жүлделі орындарды сарапқа салады.