23 маусым 2016 08:58

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы бір жылға дисквалификациялануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза және Илья Ильин Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза және Илья Ильин

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы  (IWF) Қазақстанды бір жылға дисквалификациялауы мүмкін. Мұндай шешім ұйымның Тбилисидегі атқарушы комитетінің жиынында қаралып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz


Халықаралық ауыр атлетика федерациясы  (IWF) Қазақстанды бір жылға дисквалификациялауы мүмкін. Мұндай шешім ұйымның Тбилисидегі атқарушы комитетінің жиынында қаралып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz

Басылымның мәліметінше, IWF дисквалификацияның қашан басталатынын нақтыламады. Шеттеу түріндегі жаза 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына үш немесе одан да көп қатысушының допинг-сынамасының оң нәтиже көрсетуімен байланысты екендігі айтылады. IWF ресми сайтының мәліметінше, мұндай жазаны Ресей мен Беларусь алуы мүмкін.

Inside The Games басылымының мәліметінше, бір жылға шеттету туралы шешім Қазақстанның және жоғарыда аталған федерациялардың Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға қатыса алмайтынын білдіреді. Мұндай ұстанымды ресейлік БАҚ-тар, нақтырақ айтқанда Life.ru білдіріп отыр. 

Еске салайық, осыған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, қазақстандық тағы үш ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын. Яғни Мая Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова да жазғы ойындарға қатыспауы мүмкін. Кейін Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті. Ильин болса допинг қолданғанын үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети