22 тамыз 2017 15:56

Ауыратлет Айдар Қазов Универсиадада ел қоржынына екінші алтын медальді салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыратлет Айдар Қазов Универсиадада ел қоржынына екінші алтын медальді салды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол алтын медальді 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алып отыр. 


Ауыратлет Айдар Қазов Универсиадада ел қоржынына екінші алтын медальді салды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол алтын медальді 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алып отыр. 

Қазов қоссайыстың бірінші түрінде үшінші аралық орында болса, үшінші кезеңде 145 келіні еңсерді. Канадалық Алекс Бельмар (147 келі) мен ресейлік Вячеслав Яркин (150 келі) одан жоғары салмақты көтерді. 

Серпе көтеруде Айдар Қазов бірінші мүмкіндігін оңай көтерді - 175 келі. Мұндай көрсеткіш арқылы ол бірден жүлделі орынға жайғасты. Қарсыластарының көтерген салмақтарына қарағанда, ол екінші орыннан осы кезеңде-ақ түспейтін еді. Екінші мүмкіндігінде ол 186 келіні еңсеріп, алтын медальға қол жеткізді.

Еске салайық, бұл қазақстандық спортшылардың Тайбейдегі Универсиада-2017-де алып отырған төртінші медалі. Осыған дейін Дмитрий Баландин жүзуде қола медаль алды, ауыратлет Арли Чонтей де үшінші болған. Ал Альберт Линдер алтын медаль алған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети