16 маусым 2016 11:02

Ауыратлет Седов допинг дауы жайлы: Алексей Геннадьевич, сіз олардың тағдырына балта шаптыңыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Седов. © wfrk.kz Владимир Седов. © wfrk.kz

2009 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Владимир Седов Лондон-2012 Олимпиадасында алтын медаль алған төрт ауыратлеттің допинг дауына ілігуіне Қазақстанның ауыр атлетикадан бас бапкері Алексей Ниді кінәлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


2009 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Владимир Седов Лондон-2012 Олимпиадасында алтын медаль алған төрт ауыратлеттің допинг дауына ілігуіне Қазақстанның ауыр атлетикадан бас бапкері Алексей Ниді кінәлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін Олимпиада чемпиондары Ильин, Чиншанло, Манеза және Подобедовалардың жарыстардан шеттетілгені белгілі болған еді. Қайта тексерудің қорытындысында төрт ауыратлеттің де станозолол қолданғаны, ал Ильин мен Чиншанлоның қосымша тағы екі препарат қолданғаны анықталған.

"Бүгін біздің еліміз үшін және әлем үшін ауыр атлетикада қайғылы күн, олардың барлығы жақсы адамдар, бірақ осындай қиын тағдыр болды. Илья, Зүлфия, Мая және Света менің жүрегімде чемпиондар және солай болып қала береді. Алексей Геннадьевич бұл сіздің жұмысыңыздың нәтижесі, сіз олардың тағдырына балта шаптыңыз", - деп жазды Седов Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдары қазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін.

Кейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растап, бес зілтеміршінің қанынан табылған заттардың күмән туғызғанын хабарлады.


Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети