23 тамыз 2017 16:41

Ауыратлет Уланов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды әкелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ауыратлет Денис Уланов Универсиада-2017 ойындарының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық ауыратлет Денис Уланов Универсиада-2017 ойындарының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Риодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бірінші жұлқа көтеру сайысында ол 165 келіні бағындырды. Алайда екінші сайыста ол 170 келіні көтере алмай қалды. Үшінші рет судья оның көрсеткішіні есептемеді.

Ал бірінші жұлқа көтеру сайысында бірінші орынды Андраник Карапетян алды. Ол 170 келіні еңсерді.

Екінші қоссайыста Денис Уланов соңғы болып өнер көрсетті. Ол 200 келі көтеремін деп тапсырыс бергенімен судьяның оның екінші көрсеткішін есептемеді.

Ал екінші рет жұлқа көтеруде қазақстандық ауыратлет Денис Уланов чемпион атанды.

Осылайша, Денис Уланов 365 келімен (165 + 200) бірінші орын алды. Екінші орынды армян ауыратлеті Андраник Карапетян 364 келі (170 + 194) алса, қола жүлдені кореялық Чжан Енхак - 354 келі (163 + 191) еншіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети