27 қыркүйек 2014 19:18

Азиада: Татьяна Аманжол қола жүлдегер атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет vesti.kz сайтынан алынды Сурет vesti.kz сайтынан алынды

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан тағы да бір қол медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 48 келі салмақта Қазақстан намысын қорғаған балуан қызымыз Татьяна Аманжол қола жүлдегер атанды. 

Қола жүлде үшін болған тартыста отандасымыз тайландтық спортшы Маливан Муангпорды сан соқтырды. Татьяна қарсыласын 10:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Айта кетейік, бүгін еркін күрес аталымы бойынша сынға түскен 57 келі салмақтағы балуанымыз Расул Қалиев күміс олжалаған болатын. Қазір ел құрамасының еншісінде 9 алтын, 10 күміс және 18 қола бар. Командалық есепте Қазақстан 4-орында келеді. Бірінші орын – 187 медаль иеленген Қытай құрамасында, екінші орында – Оңтүстік Корея құрамасы, ал үздік үштікті – Жапония құрамасы түйіндеп тұр.

Бұған дейін Ихчонда өтіп жатқан Азиада ойындарында 50 метр қашықтыққа судан жүзуден қазақстандық спортшы Дмитрий Баландиннің бағы жанғанын, сондай-ақ, ол 200 метр қашықтыққа жүзу кезінде -2.07,67 көрсеткішімен Азиаданың жаңа рекордын жаңғыртқанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Алексей Луценко 42 шақырым қашықтықты 50 минут 28 секундта жүріп өтіп, алтыннан алқа тақты.
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети