Азиадада алтын алған ақтөбелік каратэшіге пәтер берілді

16 Қазан 2014, 10:18
0
Азиадада алтын алған ақтөбелік каратэшіге пәтер берілді - Андрей Ақтауов. @Vesti.kz
Андрей Ақтауов. @Vesti.kz

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Азиада чемпионы Андрей Ақтауовқа бір бөлмелі пәтер алуға сертификат тапсырды, - деп жазады "Диапазон". Азиада 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтті.

Ойындарға Ақтөбе облысынан 4 спортшы қатысты. 23 жастағы Андрей Ақтауов каратэ-додан 55 келі салмақ дәрежесінде Азиаданың алтын медалін жеңіп алды. Спорттың осы түрінде 67 салмақта 27 жастағы Ринат Сағындықов күміс медаль жеңді. ақтөбелік басқа спортшылар - дзюдошы Айгүл Байменова мен жүзуші Александр Тарабарин өз топтарында үздік бестікке кірді. Ақтөбе облысының әкімі Азиаданың барлық қатысушыларын құттықтады.

"Меніңше, спорттағы маңызды жеңістің біреуі де оңайлықпен келмейді", - деді Архимед Мұхамбетов. - Мұның алдында спортшының дайындығы мен оған деген жағдайдың жасалуы бар. Облыста спорттың дамуы сәйкес құрылыс объектілерінсіз мүмкін емес. Осы жылы 67 спорттық нысан пайдалануға берілді, тағы да 12 нысан жыл соңына дейін беріледі деп жоспарланған".

Әкім күміс жүлдегер Сағындықовты 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапаттады. 5-орын алған спортшыларға алғыс хаттар мен заманауи тұрмыс техникалары тапсырылды.

Еске салайық, Инчхондағы Азиада Қазақстан құрамасы тарихындағы ең сәтті ойындар болды: спортшылар 28 алтын, 23 күміс және 33 қола медальмен жалпы командалық есепте 4-орын алды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай