26 қыркүйек 2014 11:29

Азия ойындары: Алтыншы күні Алмас алтынсыз қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмас Өтешев. Фотоны түсірген - Н.Басов Алмас Өтешев. Фотоны түсірген - Н.Басов

 ХVІІ жазғы Азия ойындарының алтыншы күні Қазақстан қоржынына алтын түспеді. Бұйырғаны бір күміс, үш қола ғана болды, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


 ХVІІ жазғы Азия ойындарының алтыншы күні Қазақстан қоржынына алтын түспеді. Бұйырғаны бір күміс, үш қола ғана болды, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Ауыратлет Алмас Өтешев алтынмен аптайды ғой деп ойлағанбыз. Содан, қазақтардың біразы зілтеміршілер сайысы өтіп жатқан спорттық кешенге екі өкпелерін қолымызға алып жеттік.

Өкінішке қарай, Алмас алтынға қол жеткізе алмай, күміс жүлдемен шектелді. Азия ойындарының чемпионы болуға таптырмас мүмкіндгі болып-ақ еді. Өзінен болды. Жұлқа көтерудегі үшінші мүмкіндігінде 175 келіні еңсергенінде, басты бәсекелесінен төрт келі ұзап кетер еді.

Бірақ Алмас "жұлқа көтеруде-ақ алға шықтым, ал өзіме ұнайтын серпе көтеруде дес бере қоймаспын" деп ойлағандай. Бірақ жаза басып, серпе көтеруде де сүрінді. Екінші мүмкіндігінде 218 келіні көтере алмай, оны тек соңғы мүмкіндігінде еңсеріп, Қытай жігітін алдына шығарып алды. Көрсеткіші – 393 (175+218). Ал Қытай зілтеміршісінікі – 393 (173+221).

Сөйтіп, саф алтын уысымыздан сынаптай сусыды. Алмас, үнемі асығады. Құдды, біреу қуып келе жатқандай. Зілтемір көтеретін мінберге жүгіріп шығады. Содан зілтемірге тұра ұмтылады. Асықпай, толғанысын тарқатса дейміз ғой, іштей.

Сонымен ХVІІ жазғы Азия ойындарының алтыншы күні еншілеген жүлделеріміз:

Алтын

Күміс

Алмас Өтешев – ауыр атлетика, 94 келі;

Қола

Бақтияр Ыбыраев – нысана көздеу, 10 м, жылжымалы нысана;

Қазақстан құрамасы (Бақтияр Ыбыраев, Андрей Гуров, Расим Мологлы) – нысана көздеу, 10 м, жылжымалы нысана, командалық сын;

Қазақстан құрамасы (Ратмир Миндияров, Юрий Юрков, Игорь Пирекеев) – нысана көздеу, 50 м, пневматикалық винтовка, командалық сын.

Барлық жүлделеріміз – 30 медаль (6 алтын, 8 күміс, 16 қола).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети