Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Азия ойындары: Бесінші күні бұйырғаны – сегіз медаль

25 Қыркүйек 2014, 08:51
0
Фотоны түсірген - Ардақ Тоғымов
Фотоны түсірген - Ардақ Тоғымов

ХVІІ жазғы Азия ойындарының бесінші күні Қазақстан спортшылары сегіз жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Бүгін де ел намысын қорғаған қыз-жігіттеріміз қуанышқа бөлеп, сегіз жүлде еншіледі. Кешегімен салыстырғанда бір жүлдеміз кем, бірақ бір күмісті артық алдық.

Сонымен бүгін ел қоржыны 2 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен толықты. Сонда бәрі – 26 медаль (6 алтын, 7 күміс, 13 қола).

Алтын

Дмитрий Баландин – жүзу, брасс, 100 метр;

Қазақстан құрамасы (Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов) – теннис, ерлер, командалық сын;

Күміс

Екатерина Руденко – жүзу, шалқалап жүзу, 100 метр;

Ришат Ливеншо – ушу, 65 келі;

Қазақстан құрамасы (Светлана Германович және Мария Васильева) – академиялық ескек есу, әйелдер, жұп;

Қола

Қазақстан құрамасы (Екатерина Артемьева және Виктория Чепикова) – академиялық ескек есу, әйелдер, жұп;

Қазақстан құрамасы (Виталий Васильев, Михаил Таскин, Евгений Васильев, Владислав Яковлев) – академиялық ескек есу, ерлер, төрттік;

Қазақстан құрамасы (Александра Жаркова, Наталья Шепелина, Әсел Жакаева, Айжан Ақылбаева, Аружан Егембердиева, Замира Мырзабекова, Камила Закирова, Марина Гриценко, Анна Турова, Анастасия Миршина, Оксана Сайчук, Наталья Александрова, Кристина Красикова) – су добы (ватерпол), әйелдер;

Айтпақшы, бүгін боксшылар арасындағы алғашқы айналымдағы жекпе-жектер басталып, 60 келі салмақ дәрежесіндегі Берік Әбдірахманов йорданиялық М.Алкасбехтен 1:2 есебімен ұтылып қалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай