26 қыркүйек 2014 13:01

Азия ойындары: Жетінші алтын бұйырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ жазғы Азия ойындарында жетінші алтын бұйырып, ел спортына өлшеусіз еңбек сіңірген Ольга Довгунның бағы жанды, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ жазғы Азия ойындарында жетінші алтын бұйырып, ел спортына өлшеусіз еңбек сіңірген Ольга Довгунның бағы жанды, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Винтовкамен әйелдер арасындағы үш позицияда (отырып, жатып және тік тұрып) 50 метрден нысана көздеу сыны біздің мергендеріміз үшін өте сәтті өтті. Әуелі електік сын өтіп, оның қорытындысы бойынша Ольга Довгун финалға шықты. Әрі үш мергеніміздің көрсеткіштерін қосқанда, Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі. Ольгамен бірге Александра Малиновская мен Елизавета Лунина Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды.

Содан соң жекелей сындағы финалдық бәсеке басталды. Ольга финалға 5-орынмен шыққан болатын (барлығы – сегіз спортшы). Бірақ ол жатып атуда жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынға көтерілді. Көш басындағы бәсекелестері бірнеше рет сапырылысып, ең соңында Корея қызы Мира Джеонг бірінші орынға нық жайғасты.

Түрегеп тұрып та он рет жамбыны атқан соң нағыз финал басталды. Соған дейінгі жинаған ұпайлары бойынша, бірінші кезекте Үндістан және Моңғолия қыздары қатардан шығып қалды. Одан соң Сингапур сұлуы да қаруын жинауға мәжбүр болды. Бұдан соң Қытайдың құралайды көзге атқан үш мергені бірінен соң бірі алтыннан үміттерін үзді.

Ал Корея қызы жаңылысар емес. Бірінші орынды бермей, ылғи ондықты дәл көздеумен болды. Ольга болса, бір рет 9,4 ұпай алып, сәл қобалжыды. Корея қызы әр атқан оғымен ондықтан төмен ұпай алар емес. Ұзап барады. Ольгамен екеуінің арасы 1,1 ұпайға жетті. Бұл тым көп. Енді екі оқ қана қалды. Көңіл күпті, үміт көмескі...

Бірақ Ольганың сағы сынар емес. Тәжірибелі қызымыз бәсекелесінің ұпай корына көңіл аудармай, ондықты көздей берді. Соңғы екі оғын ондыққа тигізіп, 10,0 ұпайдан еншіледі. Ал Корея қызының жүйкесі сыр берді. Соңғы екі оғын ондыққа тигізе алмай, 9,6 және 8,4 ұпайларды ған еншілеп, қолындағы алтыннан айырылды.

Жетінші алтынымыз осылай қоржынға түсті. Ольга өзінің қажырлылығының арқасында неше жылғы еңбегінің жемісін көрді. Спорт деген осы. Ешқашан да берілмеу керек. Соңына дейін "шайқасу" керек. Жарайсың, Ольга!

Нысана көздеу, әйелдер, винтовкамен отырып, жатып және тік тұрып жамбы ату

1. Ольга Довгун – 456,4 ұпай
2, Мира Джеонг (Корея) – 455,5
3. Джинг Чан (Қытай) – 446,2

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети