26 қыркүйек 2014 01:48

Азия ойындарында Жазираны неге жүлдеден айырдық?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазира Жаппарқұл. Фотоны түсірген - Н. Басов Жазира Жаппарқұл. Фотоны түсірген - Н. Басов

"Алаш айнасының" Оңтүстік Кореядағы арнаулы тілшісі бүгін Жазира Жаппарқұлдың неліктен жүлдесіз қалғандығын білу үшін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерімен жолыққан еді.


"Алаш айнасының" Оңтүстік Кореядағы арнаулы тілшісі бүгін Жазира Жаппарқұлдың неліктен жүлдесіз қалғандығын білу үшін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерімен жолыққан еді.

Бүгін жанкешті Жазираны жүлдеден айырғанымызды жаздық. Неге? Неге бұлай қиянат жасадық?! Жауабын білу үшін, жүгіріп бапкерлерге бардық.

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни:

Біз бәрін саралап, талдау жүргізіп отырамыз. Азиядағы ауыратлет қыздардың соңғы жылдардағы көрсеткіштерін саралап шығып, Жазираға 75 келі салмақта жүлдеге ілігу жеңілдеу болады деп ойладық. Өйткені үнемі Азиядағы 69 келі салмақта бәсекелестік шектен тыс шиеленісті болып, 75 келіде, керісінше, жүлде алу оңай болатын. Сондықтан Жазираны ауыр салмаққа қойған едік. Бірақ бұл жолы бәрі де керісінше болып шықты. Лондон Олимпиадасында 69 келіде чемпион атанған Солтүстік Корея қызы Йонг-сим Рим де 75 келіге ауысыпты. Ал біз Жазираның одан асса алмайтынын біліп, өз спортшымызды ауыр салмаққа ауыстырған едік. Бұлай болатынын кім білген... Әрі Жазираның салмағы сол кезде (осыдан бір ай бұрын) 74 келіге жуықтап еді, Инчхонға келген соң, тамақтары ұнамады ма, қайтадан түсіп кетті.

– Йонг-сим Римнің 75 келіге ауысқанын білген бетте, Жазираны қайтадан 69 келіге қоймадыңыздар ма?

– Біз мұның бәрін осыдан бір ай бұрын ойластырып, өтініш беріп қойған едік. Одан соң бәрі де кеш болды.

– Жазираның бүгінгі көрсеткіштеріне қарасақ, ол өз салмағында сынға түскенде, күміс жүлдеге іліге алады екен.

– Күміс дегеніңізді білмеймін, бірақ жүлдеге ілігері анық еді...

...Ал Жазира, байыз тауып бір жерде тұра алмай, арлы-берлі теңселіп жүр. Күйінішін баса алар емес. Жанына жақындап, күйзелген жан дүниесін одан әрі күйдіргіміз келмеді.

Артынан басқа бапкерлер айтады, бекітілген ереже бойынша Жазираны бір тәулік қалғанда басқа салмаққа (яғни өз салмағына) ауыстыруға болады екен...

Біз осы, кейде бас бапкер Алексей Ниді "тамаша тактик" деп, мақтап жатамыз. Бірақ оның сол тактикалық ішкі есептерінен бүгін опық жеп қалғандаймыз. Ең өкініштісі, 21-ге толмаған жас қызымыз жазықсыз жүлдесіз қалды...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети