Азия ойындарында Қазақстан атынан соңғы жүлдені каратэші қыз ұтып алды

04 Қазан 2014, 13:27
0

Азия ойындарында Қазақстан атынан соңғы жүлдені каратэші Екатерина Хуповец ұтып алды. Ол күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалдағы 50 келі салмақтағылар жекпе-жегінде қазақстандық Қытайдың Тайпейінен келген Цуи Пин Кумен жүздесті. Хуповец одан 3:8 есебімен жеңіліп қалды. Ал оған дейін Хуповец Эльнұр Қамшыбекованы (Қырғызстан), Беништі (Пәкістан) және Иран қызы Назрин Доустиді ұтқан еді.

Каратэші қыздың "күмісі" Қазақстан құрамасы қоржынындағы 23-шісі болды.  Инчхондағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 84 медаль ұтып алды: 28 алтын, 23 күміс және 33 қола. Медаль бойынша есеппен мына арадан таныса аласыздар.

Алдында Азияда ойындарының соңғы күнінде Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір каратэші, әлем біріншілігінің екі дүркін чемпионы Халид Халидов жүлде әкеп қосқанын хабарлаған болатынбыз.

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық құрама тарихта алғаш рет алтын жүлделері бойынша ең жақсы көрсеткішті игерді. Жарыстың соңғы күнінен бір күн бұрын ең жақсы ойындар көрсетіліп, бұл жетістігіміз Қазақстанға мерзімінен бұрын төртінші орынға кепілдік берді. Қазақстан жүлде қорына алты алтын медельды боксерлер әкелді.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай