29 қыркүйек 2014 22:13

Азия ойындарындағы ең табысты күн – 13 медаль

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Дьяченко және Алексей Сидоренко. Фотоны түсірген - Данияр Майлыбаев. Александр Дьяченко және Алексей Сидоренко. Фотоны түсірген - Данияр Майлыбаев.

29 қыркүйек Қазақстан спортшылары үшін ХVІІ жазғы Азия ойындарындағы ең табысты күн болды. Ел қоржынына 13 медаль түсті, оның алтауы – алтын, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


29 қыркүйек Қазақстан спортшылары үшін ХVІІ жазғы Азия ойындарындағы ең табысты күн болды. Ел қоржынына 13 медаль түсті, оның алтауы – алтын, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Ескекшілеріміз көгілдір айдыннан жүлдені есіп алып жатқанда, жағажай волейболындағы жігіттеріміз қиыршық құм үстінде алтынмен апталды. Ал кешке қарай боз кілемдегі еркін күрес шеберлері екі күміс еншіледі.

Ескек есу спорты

Алтын

Евгений Алексеев және Алексей Дергунов – екі кісілік қайық, екі қалақты ескек, 1000 метр;

Михаил және Тимофей Емельяновтар – екі кісілік қайық, бір қалақты ескек, 1000 метр;

Дәулет Сұлтанбеков, Илья Голендов, Андрей Ергучёв, Александр Емельянов – төрт кісілік қайық, екі қалақты ескек, 1000 метр;

Инна Клинова – бір кісілік қайық, екі қалақты ескек, 200 метр;

Наталья Сергеева және Ирина Подойникова – кісілік қайық, екі қалақты ескек, 500 метр;

Күміс

Сергей Емельянов – бір кісілік қайық, бір қалақты ескек, 1000 метр;

Наталья Сергеева – бір кісілік қайық, екі қалақты ескек 500 метр;

Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов – екі кісілік қайық, екі қалақты ескек, 200 метр;

Қола

Юрий Березинцев – бір кісілік қайық, екі қалақты ескек, 1000 метр;

Екатерина Кальтенбергер, Кристина Абсинская, Зоя Ананченко, Ирина Подойникова – төрт кісілік қайық, екі қалақты ескек, 500 метр;

Жағажай волейболы

Алтын
Александр Дьяченко және Алексей Сидоренко
/финалда Қытай жұбын 2:0 (21:15, 21:10) есебімен ұтты/

Еркін күрес

Күміс

Есболат Нұржымбаев – 86 келі;

Дәулет Шабанбай – 125 келі.

(Нұржымбаев та, Шабанбай да финалда Иран балуандарынан ұтылып қалды; ал 74 келіде белдескен Дәулет Ниязбеков бесінші орынмен шектелді).

Сонымен, ел қоржынындағы жүлделер саны елуден асты – 53 медаль (15 алтын, 16 күміс, 22 қола).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети