21 ақпан 2014 12:19

Әзірбайжандық зілтемірші Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ниджат Рагимов. Фото: image.net Ниджат Рагимов. Фото: image.net

Жастар арасында Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған әзірбайжандық спортшы Ниджат Рагимов жуық арада Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. "Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Ниджат Рагимовты Қазақстан азаматтығын алу туралы Әзірбайжанның ауыр атлетика федерациясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер, екі жақ келісімге келсе, онда спортшы жуық арада Қазақстан азаматтығын алады. Келіссөздер барысында біз Рагимовтың және оның ата-анасының да ойын қарастыратын боламыз", - делінген Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз хатында бұл мәселеге байланысты. Егер бұл спортшы Қазақстанның азаматтығын алып жатса, онда оған ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының сапынан орын бірден берілмейді. Ол үшін Ниджат мықты екендігін дәлелдеу керек екендігі де айтылған хатта. Естеріңізге сала кетейік, бұл мәселе осы аптаның басында Рагимовтың әкесі әзірбайжандық БАҚ өкілдеріне "Ұлым Қазақстан азаматтығын алады", - деп айтқаннан соң шыққан болатын. Мұдай шешімді спортшы ауыр атлетикадан Әзірбайжан құрамасының бапкерлерімен сөзге келісіп қалған соң қабылдаған. Айта кетейік, Рагимов 77 келі салмақта өнер көрсетеді. 2010 жылы ол Сингапуде өткен жастар арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде екінші орын алған. Сонымен қатар ол Қазанда өткен 2013 жылғы Универсиадада Әзірбайжан еліінің туын ұстап шыққан. Бірақ, бұл жарыс барысында бірінші жаттығудың өзінде зілтемірді төбесіне көтере алмай, жүлдесіз қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети