19 шілде 2014 12:24

"Барыс" легионерлерді сатып алғысы келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Vesti.kz Фото Vesti.kz

 "Барыс" ХК шетелдерден легионерлерді сатып алмайтын болды, әзірге мұндай жоспар жоқ.Бұл туралы қалалық клубтың президенті Нұрлан Оразбаев мәлімдеді, деп хабарлайды  Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

"Негізінен легионерлер маусым барысында өз ойыншыларымыз жарақат алып қалған жағдайда сатып алынады. Алайда бізде шетелден легионерлер алу туралы жоспар жоқ, өзіміздің спортшыларға күш салып жатырмыз. Бүгінде командада Михайлис, Лихотников, Абрамов жаттығуда, Каировты да шақырттық. Яғн жас ойыншылар жаттығуларға қарқынды түрде қатыса бастады. Жастарды тарту арқылы команданы күшейтпекпіз", дейді Оразбаев. 

Оразбаевтың айтуынша, әзірге қазақстандық командалар шетелдік легионерлерден мүлдем бас тарта алмайды. Өйткені дәл қазір қазақстандық ойыншылар арасындағы бәсекелестік соншалықты жоғары дәрежеде емес. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін "Барыс" өздерінің жаңа ойыншыларын, қорғаушы Кевин Даллмэнды және қақпашы Ян Лацоны таныстырды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети