21 шілде 2014 12:02

Баскетболдан "ВТБ бірегей лигасында" өзгеріс көп

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото bcastana.kz сайтынан Фото bcastana.kz сайтынан

Мәскеуде баскетболдан Халықаралық "ВТБ бірегей лигасының" алқа жиыны өтіп, онда 2014/2015 жылдар маусымындағы біріншіліктің өткізілу тәртібі бекітіліп, командалар екі топқа жіктелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Мәскеуде баскетболдан Халықаралық "ВТБ бірегей лигасының" алқа жиыны өтіп, онда 2014/2015 жылдар маусымындағы біріншіліктің өткізілу тәртібі бекітіліп, командалар екі топқа жіктелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Лиганың алқа жиынына "Астана" баскетбол клубының Бас директоры, әйгілі Қазақстан баскетболшысы Валерий Тихоненко да қатысты.

Енді рет-ретімен тізбектеп шығар болсақ, алдағы маусымда халықаралық "ВТБ бірегей лигасында" 22 команда ойнайтын болды. Олар екі топқа тең бөлінді. Әуелі үйде және түзде жүйесімен екі айналымдық топтық ойындар өтеді.

Жаңа маусым қазан айында басталып, 2015 жылдың сәуір айында аяқталады. Ода кейін плей-офф ойындары басталады. Ал оған, яғни келесі кезеңге әр топтан алты командадан шығады. Әр топтың жеңімпазы мен екінші орын алған командалар бірден ширек финалға жолдама алса, 3-6 орын алған командалар 1/8 финалында додаға түсетін болады. Плей-офф ойындары 2015 жылдың сәуір-маусым айларында өтеді.

Бірден айтайық, халықаралық "ВТБ бірегей лигасы" додасының өткізілу тәртібі өзгерген жоқ. Сол бұрынғысынша, өзгерген – құрамы. Нақтырақ айтқанда әр түрлі себептермен бірнеше команда алдағы маусымда аталмыш лига додасына қатыспайтын болып отыр. Олар – "Спартак" (Ресей), "Туров" (Польша), "Донецк", "Азовмаш" (екеуі де – Украина).

Ал Ресейдің Люберцы қаласының "Триумф" деп аталатын клубы қоныс аударып, Санкт-Петербургке ойысты. Әрі бұл команде енді "Зенит" деп аталады.

Сондай-ақ биылғы біріншілікке жаңадан бес клуб қосылды. Олар – "Байзонс" (Финляндия), "Автодор" (Ресей), "Дзукия", "Лиеткабелис", "Невежис" (бәрі де – Литва). Жақын арада тағы бір команда қосылуы керек. Ол алдағы күндері шешіледі.

Айтпақшы, "ВТБ бірегей лигасының" басшысы ауысты. Бұған дейін лиганы басқарған Сергей Иванов жұмыстарының қауырт екендігін айтып, қызметінен кетті. Бұл қызметке оның ұсынуымен көпшілікке танымал спорт қайраткері Сергей Кущенко сайланды. Жаңа президент бұған дейін Ресей биатлоншылары одағын басқарып, Ресейдің "Урал-Грейт" және ЦСКА сынды баскетбол клубтарының президенті болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети