Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бейбіт Шүменов WBA тұжырымының уақытша чемпионы атанды

26 Шілде 2015, 10:19
1
© BoxingScene.com
© BoxingScene.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов америкалық Би Джей Флоресті жеңіп, WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта уақытша чемпион атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Лас-Вегаста өтті. Кездесу 12 раундқа созылды. Барлық судьялар жеңісті бірауыздан Бейбіт Шүменовке берді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Осыған дейін 31 жастағы қазақ боксшысының жарақат алғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты 20 маусымға белгіленген 36 жастағы ағылшын Би Джей Флореске қарсы жекпе-жек 25 шілдеге ауыстырылған еді. Айта кетейік, Шүменов кәсіби бокста 15 рет жеңіске қол жеткізді (10 КО) және екі рет жеңіліс тапты. Ал Флорестің қоржынында 31 жеңіс (20 КО), бір жеңіліс пен бір тең түсу бар.

Еске сала кетейік, ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Бейбіт Шүменов Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде мамыр айында алғашқы ондыққа енді. Бейбіт Шүменов өткен жылдың желтоқсанында ауыр салмақта алғаш рет сынға түскен болатын. Кездесуде ол америкалық Бобби Томас кішіні жеңді. IBF жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы алтыншы орында.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай