07 маусым 2016 13:31

Бейжің мен Лондон олимпиадаларында 20 ауыратлеттің сынамасынан допинг табылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ntv.ru © ntv.ru

Халықаралық Олимпиада комитеті 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында алынған 10 допинг сынамасы мен 2012 жылы Лондон Олимпиадасында алынған 10 допинг сынамасының "оң" нәтиже көрсеткенін растады. Бұл туралы Vesti.kz басылымы Халықаралық ауыр атлетика федерациясына (IWF) сілтеме жасап хабарлады.


Халықаралық Олимпиада комитеті 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында алынған 10 допинг сынамасы мен 2012 жылы Лондон Олимпиадасында алынған 10 допинг сынамасының "оң" нәтиже көрсеткенін растады. Бұл туралы Vesti.kz басылымы Халықаралық ауыр атлетика федерациясына (IWF) сілтеме жасап хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, жақын арада Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының "Б" допинг сынамалары тексеріледі. Айта кетейік, 2012 жылы өткен Лондон олимпиадасындағы сынамаларды тексеру тәртібі бұл жолы өзгереді. IWF енді Бүкіләлемдік допингпен күрес агенттігінің (WADA) кодексі бойынша нақты жұмыс істейтін болады. Халықаралық олимпиадалық комитет тексеру жұмыстарын жүргізген соң, Ауыр атлетика федерациясы допинг қабылдаған спортшыларды уақытша спорт шараларынан шеттеді.

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпиондары - Зүлфия Чиншанло мен Илья Ильиннің қанынан допинг табылғаны хабарланған болатын. Бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.

Кейінірек Қазақстандық бес спортшының қан құрамында допингтің бар екендігі расталды. ҚР ҰОК өкілдері қазір Лозанна (Швейцария) қаласында жүр, сол жерде "Б" допинг сынамаларын ашу және тексеру процедуралары өтіп жатыр. Халықаралық Олимпиада комитетінің ережесіне сәйкес, бұл процедура құпия және тестілеудің түпкілікті нәтижесі алынбағанға дейін ақпарат жарияланбайды. Cонымен қатар, Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы барлық спортшының күнтізбелік жоспарға сәйкес жаттығу жұмыстарымен айналысып жатқанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети