28 мамыр 2014 15:30

Биыл елімізде 15 спорт ғимараты салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: sport.gazeta.kz Сурет: sport.gazeta.kz

2014 жылы Қазақстанның 7 аймағында 15 жаңа спорт ғимараты салынатын болады. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев мәлiмдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Спорт инфрақұрылымын дамытуға көп көңiл бөлiнуде. Статистикаға сәйкес, 2013 жылы республикада 34 мың 234 спорт нысаны, оның iшiнде ауылдық жерлерде 21 мың 915 нысан жұмыс iстеп тұрған. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 887-ге, соның iшiнде ауылдарда 738-ге артты", - дедi агенттiк төрағасы.

Сонымен қатар төраға бұл спорт ғимараттарының барлығы елімізде спортпен шұғылданғысы келетін жастарды қабылдай алмайтындығын айтып, сол үшін де Агенттік тарапынан Қазақстанның әрбір өңірінде спорт ғимараттарын салатынын жеткізді. "2016 жылға дейiн 42 сауықтыру-дене шынықтыру кешенiнiң құрылысына өтiнiш жолданды. 2014 жылдың бюджетiнен сомасы 3,287 млн теңгенi құрайтын 15 кешеннiң құрылысы үшiн қаражат қарастырылып қойды. Бұл нысандар халық қажеттiлiгiн назарға ала отырып, 7 өңiрде салынады", - дейді Т.Есентаев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети