02 желтоқсан 2014 14:40

Бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай: Әзірше жігіттерге алаңдағым келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назым Қызайбай ©Фото Facebook-тегі парақшасынан Назым Қызайбай ©Фото Facebook-тегі парақшасынан

Бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай өзінің жеңісі, жеке өмірі және болашаққа жоспары жайында айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның айтуынша, Оңтүстік Кореяда өткен бокстан ӘЧ-да ол алтын медальға тынымсыз жұмыстың арқасында ие болды.


Бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай өзінің жеңісі, жеке өмірі және болашаққа жоспары жайында айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның айтуынша, Оңтүстік Кореяда өткен бокстан ӘЧ-да ол алтын медальға тынымсыз жұмыстың арқасында ие болды.

"Ең біріншіден, еңбегімнің арқасы. Бұл турнирге алдын ала дайындалдық, еңбегіміз жемісті болды. Бізге барлық жағдай жасалды: массаж жасаушылар, психологтар. Біздің топтың жаттықтырушы штабының үмітін ақтауға тырыстым", - дейді Назым Қызайбай. Ол Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу туралы жоспарымен де бөлісті. Ол үшін спортшы қыздың басқа салмақ категориясына өтуіне тура келеді. "Қазір менің салмағым - 47 килограм. Маған тым болмаса 50-ге жету керек, себебі ол жерде салмақтың алатын орны бөлек. Ақырындап жинай беремін", - дейді әлем чемпионы.

Оның айтуынша, ол бокстан бөлек спорттың басқа да түрлерімен айналысқан: "Мектепте баскетбол, футбол ойнадым. Бала кезімде ұлдармен төбелесетінмін (күлді). Ағам, спортқа қабілеті бар балаларға арналған интернаттың ашылғанын айтты. Мен емтихан тапсырып еш қиындықсыз өттім. Бес айдан соң Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы чемпионатына қатысып, бірінші орын алдым".

Назым Қызайбай өз отбасы жайлы да әңгімеледі. Спортшының сөзіне қарағанда, оның отбасында алты бала бар. Ата-анасы бала кезден оның бокспен шұғылдануына қолдау көрсеткенімен, қазір қыздарының жеке өміріне қатысты алаңдаушылық білдіреді. Бірақ спортшы қыздың айтуынша, оның қазір жігіттерге уақыты жоқ: "Әзірге басқа іске алаңдағым келмейді. Тап қазір өзімді спортта ғана көре аламын, көп нәрсеге қол жеткізгім келеді. Кейде ата-анам, шындығын айтады, біреуді тап дейді, бірақ менің уақытым әлі келген жоқ. Алда Олимпиада-Рио-де-Жанейроға атой салу қажет!" Бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбайдың сұхбатын толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, қарашаның соңында Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатында 48 келі салмаққа дейінгі категория бойынша алтын медальға ие болды. Ол финалда Индиядан келген қарсыласы - Шамджетсабам Сарджубаладан асып түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети