26 желтоқсан 2019 11:00

"Болашақ спортының" келешегі қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы көптен күткен аса ірі мобильді киберспорт турнирі Altel Cyber Games: PUBG Mobile финалына дейін тура бір тәулік қалды.


Қазақстандағы көптен күткен аса ірі мобильді киберспорт турнирі Altel Cyber Games: PUBG Mobile финалына дейін тура бір тәулік қалды.

12 финалист пен шақырылған 4 "жұлдызды" құрам 4 миллион теңге болатын жүлде қоры үшін шайқасады.

Киберспорт әлемде және біздің елімізде қарқынды дамып келе жатыр. Бұл - бірінші кезекте девайстар саласындағы және бұлт шешімдері мен мобиль интернетті беру желілеріндегі технологиялардың аса жылдам дамуымен байланысты.

5G технологиясының енгізілуі киберспортты, мобиль бағыттарды және VR турнирлерін трансформациялауға, мүмкіндіктерін кеңейтуге және дәріптеуге елеулі әсер етеді. Altel операторы желісінде 2019 жылғы қазан айында Республика астанасының Astana Hub аумағында еліміздегі алғашқы коммерциялық аймақ іске қосылды. Бұл - компания үшін елімізде "болашақ байланысын" енгізу жолындағы алғашқы қадам болды.

Сарапшылардың болжамы бойынша, 5G мен бұлтты геймингтің пайдаланылуымен жарыстарды дамыту - инновация әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді және сонымен қатар киберспорт үшін зор мүмкіндіктерге жол ашады.

Бүкіл әлем бойынша геймерлер мен киберспортшылар үшін бағасы қымбат техниканы сатып алу қажеттілігі мүлдем тумайды және олар сымдар мен Wi-Fi желісіне тәуелді болмайды.

Геймерлердің негізгі мұқтаждықтарының бірі - интернетке қосылудың жоғары жылдамдығы мен оның сапасы болып табылады, өйткені жарыс сипатындағы киберспорттық бағыттарда бірер секундта шешім қабылдау қажет. Ойын кезіндегі әрекетке орай адамның жауап қатуының орташа уақыты 0.2 секундтан 0.5 секундқа дейінгі шаманы құрайды. Ақпаратты ұзақ өңдеудегі айырма деректер берудің жоғары жылдамдығын көрсететін қосылысы бар геймерге елеулі артықшылық береді.

Сигналдың минималды кідіруімен тұрақты қосылуға - дәл осы 5G желісінің арқасында қол жеткізіледі.

Киберспортқа деген қызығушылықтың дамуы, 5G пішіміндегі желіге өту және кәсіби спортшылардың жоғары деңгейдегі даярлығы таяу келешекте Киберспорттық олимпиада ойындарының құрылуына себеп болуы мүмкін.

Ал ертең, сондай-ақ 28 және 29 желтоқсанда жанкүйерлер Altel Cyber Games: PUBG Mobile турнирі финалының шайқасын келесі арналардан тамашалай алады:

https://bit.ly/36XGrPK
https://youtube.com/pingerpro
https://www.twitch.tv/pingerpro

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети