14 ақпан 2014 12:59

Бүгін Хрусталева мен Полторанинге жанкүйер боламыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, яғни 14 ақпан күні Сочи Олимпиадасында алты медаль комплектісі сарапқа салынатын болады деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Олимпиада ойындарының жетінші күні спортшылар биатлон, шаңғы, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау, скелетон және тау шаңғысының акробатика түрінен сайысатын болады. Жарыс күнін 12.00-де тау шаңғышылары суперкомбинация бойынша ашады. Бұл спорттың түрінен қазақстандық Мартин Хубер мен Игорь Закурдаев қатысады. Ал, 16.00-де шаңғышылар жарыс жолына шығады. 15 шақырымға классикалық әдіспен жүгіруде жүлдеге ілігеді деген басты үмітіміз Алексей Полторанин шығады. Одан бөлек бұл жарыста Николай Чеботько, Ердос Ахмадиев және Евгений Величко еліміздің намысын қорғайды. Сондай-ақ 20.00-де биатлоншы қыздар 15 шақырымға жарысатын болады. Бұл жарыста біз Ванкуверде күміс алған Елена Хрусталеваға жанкүйер боламыз. Еленадан бөлек жарыс жолына Галина Вишневская, Дарья Усанова және Алина Райкова шығады. 21.00-де мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарламасымен сайысады. Қысқа бағдарламасынан кейін тоғызыншы орынға орналасқан Денис Теннен бүгін үлкен үміт күтетін боламыз біз. Мәнерлеп сырғанаудан Абзал Рақымғалиев та өз өнерін көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, Абзал бірінші бағдарламаның қорытындысы бойынша жиырмасыншы орында келеді. 19.45-те тау шаңғысының акробатика стильінің спортшылары жүлде үшін таласады. Бұл сайыстың іріктеу кезеңінде Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова Қазақстан намысын қорғайды. Сонымен қатар дәл осы уақытта Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцев трамплиннен секіру сайысында өз бақтарын сынайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети