15 тамыз 2016 08:19

Бүгінгі аңдатпа: Боксшы Левит пен ауыратлет Зайчиков алтын медальға таласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Vesti.kz спорт басылымы қазақстандық спортшылардың Риодағы Олимпиада ойындарына қатысу уақыты жазылған кестені ұсынады.


Vesti.kz спорт басылымы қазақстандық спортшылардың Риодағы Олимпиада ойындарына қатысу уақыты жазылған кестені ұсынады.

Оныншы жарыс күні Қазақстан қоржынына бірнеше медаль түсуі мүмкін. Мәселен, зілтемірші Александр Зайчиков 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдеге таласса, Василий Левит қазақстандық боксшылардың ішінде бірінші болып финалда жұдырықтасады. Оның қарсыласы - ресейлік Евгений Тищенко. Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов жартылай финалда жұдырықтасады, ал Жәнібек Әлімханұлы жартылай финалға жолдама алу үшін рингке шығады. Сонымен қатар, бүгін 130 келіге дейінгі категорияда грек-рим күресінен медальға талас ойындары өтеді, бұл жарыстарға Нұрмахан Тынәлиев қатысады. 15 тамызда Риода Каноэ мен байдаркада ескек есу спорт түрінен жарыстар басталады.  

Каноэ мен байдаркада ескек есу. Спринт. Ерлер. Жалғыз өнер көрсету. 1000 метр.
Тимур Хайдаров
Басталуы 18.00-де.

Каноэ мен байдаркада ескек есу. Спринт. Әйелдер. Екі адамдық. 500 метр.
Ирина Подойникова, Наталья Сергеева
Басталуы 18.24-те.

Жеңіл атлетика. Әйелдер. 200 метр. Іріктеу кезеңі.
Виктория Зябкина, Ольга Сафронова
Басталуы 18.35-те.

Каноэ мен байдаркада ескек есу. Спринт. Әйелдер. 200 метр.
Инна Клинова
Басталуы 18.38-де.

Каноэ мен байдаркада ескек есу. Спринт. Ерлер. Бір адамдық. 1000 метр.
Илья Голендов
Басталуы 19.14-те.

Грек-рим күресі. 130 келіге дейінгі ерлер арасында.
Нұрмахан Тынәлиев.
Басталуы 19.48-де. Тікелей эфир (KazSport)

Синхрон жүзу. Дуэт. Ерікті бағдарлама. 
Екатерина және Александра Немичтер.
Басталуы 20.00-де.

Бокс. 52 келіге дейінгі ерлер арасында. 1/8 финал.
Олжас Сәттібаев.
Басталуы 20.30-да. "Қазақстан"

Жеңіл атлетика. Ерлер. Кедергілермен 400 метр жүгіру. Іріктеу кезеңі.
Дмитрий Коблов.
Басталуы 20.35-те.

Бокс. 75 келіге дейінгі ерлер. Ширек финал.
Жәнібек Әлімханұлы.
Басталуы 22.00-де. Тікелей эфир. ("Қазақстан")

Бокс. Ерлер. 69 келіге дейін. Жартылай финал.
Данияр Елеусінов.
Басталуы 3.30-да. ("Хабар")

Бокс. Ерлер. 91 келіге дейін. Финал.
Василий Левит.
Басталуы 04.15-те. Тікелей эфир. ("Хабар")

Ауыр атлетика. Ерлер. 105 келіге дейін.
Александр Зайчиков
Басталуы: 04.00-де. Тікелей эфир. ("Қазақстан")

Жеңіл атлетика. Әйелдер. Диск лақтыру. Іріктеу.
Мария Телушкина. 
А тобы - 5.30, Б тобы - 6.50. Тікелей эфир. (KazSport)

Еске салайық, Олимпиаданың тоғызыншы күні Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальді жеңілатлет Ольга Рыпакова салды. Ал 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Қайрат Ералиев болса 56 келіге дейінгі категорияда Олимпиаданың 1/8 финалында жеңіліс тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети