13 қыркүйек 2014 16:35

Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан екі алтын алдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото worldnomadgames.com сайтынан Фото worldnomadgames.com сайтынан

Шолпан-Атада (Қырғызстанда) өтіп жатқан Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында Қазақстан тоғызқұмалақшылары екі алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Шолпан-Атада (Қырғызстанда) өтіп жатқан Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында Қазақстан тоғызқұмалақшылары екі алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еліміздің ерлер және әйелдер арасындағы қос құрамасы Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары бағдарламасындағы "тогуз коргоол" ойынынан топ жарды. Командалық сын бүгін "плей-офф" жүйесімен, "Рух-Орда" мәдени орталығында өтіп, Қазақстан тоғызқұмалақшылары қарсылас шақ келтірмеді.

Ерлер арасындағы сынға 12 құрама команда қатысты. Біздің елдің намысын 28 жастағы спорт шебері Нұрбек Қабиев (Ақтөбе) және 25 жастағы Жанат Қаймолдин (Павлодар) қорғады.

Әйелдер арасындағы сында 10 құрама команда бақ сынады. Біздің елдің абыройын ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2010 және 2012 жылдардағы екі дүркін әлем чемпионы (әлем чемпионаты екі жылда бір рет өтеді), 2013 жылғы Азия чемпионы Әсел Далиева (Шымкент) және халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2012 жылы рапиден әлем чемпионы атанған Диана Кенина (Ақтөбе) сынды талантты қыздарымыз асқақтатты.

Осы ретте айта кетейік, тоғызқұмалақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Қырғызстанның бес дүркін чемпионы, Азия чемпионаттарының жүлдегері, көпшіліке танымал Айнұр Жақапбаева.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети