28 қазан 2016 19:19

Бұл чемпиондардың бәрін мазақ ету - Алексей Ни допинг дауы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© proспорт © proспорт

Қазақстанның ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Алексей Ни Vesti.kz басылымына берген сұқбатында допинг дауы туралы айтып берді.


Қазақстанның ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Алексей Ни Vesti.kz басылымына берген сұқбатында допинг дауы туралы айтып берді.

"Мен бапкер болып келе жатқалы бері мен мұндайды алғаш көруім, сондықтан ешқандай болжам айта алмаймын. Қайта тексеру жарыс бітіп, төрт жыл өткеннен кейін жасалып тұр. Меніңше, жарыстарға қатыстырмау мерзімі сол сынамалар алынған күннен басталғаны жөн. Яғни, спортшыны төрт жылға шеттету керек болса, 2016 жылы бұл уақыт аяқталуы тиіс. Бәріміз ААХФ (ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы) отырысын күтіп жүрміз, онда біздің адвокаттар спортшыларымызды қорғайды. 2012 жылы ең ұзақ шеттету екі жыл болатын, солай болып қалады деген үммітемін", - дейді Алексей Ни.

Құрама бас бапкерінің ойынша, бұл оқиғада түсініксіз жайттар көп.

"Олимпиада тарихын осынша уақыттан кейін қайта жазбақ. Спортшыларды Олимпиада алдында, өтіп жатқан кезде және біткесін де тексерді, бірақ ештеме таппаған. Осынша уақытта не өзгере қалды? Түсіне алмадым. Бұл қандайда бір түсінік бойынша белгілі бір елдердің спортшыларының жетістігіне бөгет болу деп ойлаймын", - деп атап өтті Ни.

"Олимпиаданың екі дүркін чемпионы болған Ильин... Бұл не? Дайындық па? Шоу ма? Адам өз таланты мен еңбегі арқылы жетістікке жетті. Осы жолы да жеңер еді. Спортшы өз елінің ән ұраны шырқалып, туы көтерілетін сәтке өмір бойы дайындалады, осының бәрін қалай ысыра салуға болады?! (...)  Олимпиада ойындарының нәтижелерінің бәрі алдын ала десін онда, ән ұранды да тыңдамай-ақ қояйық, ту да көтерілмесін, медаль да бермесін. Осының бәрін он жалдан кейін жасасын! Бұл барлық чемпиондарды, Олимпиадаға қатысушылар, бапкерлер және көрермендерді мазақ ету.  Барлығы мұны шын екен деп қуанды. Спортшыларды, бапкерлерді президенттердің жарлығымен қаржылай марапаттап жатты, әлбетте, сегіз жылда ол қаржы ұсталып кетті. Ол жағын қалай шешеміз?", -  дейді ол.

Еске салайық, Халықаралық олимпиада комитеті 2008 жылғы Олипиаданың күміс жүлдегері Таймұраз Тигиевтің медалін қайтарып алу шешімін шығарған. Майя Манеза, Светлана Подобедова мен Зульфия Чиншанло 2012 жылғы Олипиаданың "алтындарынан" айырылды. Барлық спортшының допинг сынамалары осы жылғы тексерісте тиым салынған заттар пайдаланған деп көрсеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети