Дамир Ысмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

24 Ақпан, 10:21
0
Дамир Ысмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті - © REUTERS
© REUTERS

Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Чехия астанасы Прагада өткен UFC Fight Nights 145 турнирінде Ысмағұловтың қарсыласы испаниялық Хоэль Альварес болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша этникалық қазақ спорттық мансабындағы 18-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті, ол бұрындары екі рет жеңіліс тапқан. 17 кездесуге қатысқан оның қарсыласы Альварес үшінші рет тізе бүкті. Сондай-ақ, ол UFC турнирінде бірінші рет өнер көрсетті. 

Айта кетейік, Ысмағұлов UFC ұйымында бірінші рет 1 желтоқсанда Аустралияның Аделаида қаласында жекпе-жекке шықты. Қазақстандық спортшы алаң иесі Алекс Горджесті төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша ол UFC турнирінде жеңіске жеткен бірінші қазақ атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Казахский боец из России Дамир Исмагулов одержал вторую победу в UFC, сообщает корреспондент @Vestikzgram. ⠀ Он выступил на турнире UFC Fight Nights 145 в чешской Праге, где его соперником стал испанец Хоэль Альварес. По итогам трех раундов все судьи отдали победу Исмагулову. ⠀ Напомним, что дебютный бой в UFC Исмагулов провел 1 декабря в австралийской Аделаиде. По итогам трех раундов поединка против хозяина октагона Алекса Горджеса россиянин выигра единогласным решением судей. Таким образом, он стал первым казахом, которому удалось одержать победу в UFC. ⠀ #UFC #UFCFN #mma #UFCFN145 #мма #Kazakhstan #Казахстан #Russia #Россия #Прага #Praha #чехия #czechrepublic #ismagulovdamir #оренбург #vestikz

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)

Уалихан Қосанбай

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай