24 ақпан 2019 10:54

Дамир Ысмағұлов UFC-дегі екінші жеңісінен кейін қолын сындырып, ауруханаға түсті - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегін өткізгеннен кейін ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  


Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегін өткізгеннен кейін ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

Чехия астанасы Прагада өткен UFC Fight Nights 145 турнирінде Ысмағұловтың қарсыласы испаниялық Хоэль Альварес болды. Үш раундтық кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық файтер төрешілердің бірауызден шығарған шешімімен жеңіске жетті.

"Ысмағұлов журналистерге сұхбат бермеді. Оны дереу ауруханаға алып кетті. Ол қолын сындырып алғаны туралы қауесеттер бар. UFC ұйымының өкілдері спортшының медициналық жағдайы туралы пікір білдірмейтінін жеткізді", - деп жазды бразилиялық Globo және SporTV арнасының журналисі Хелена Ребелло Twitter желісіндегі парақшасында. 

Осылайша этникалық қазақ спорттық мансабындағы 18-ші жекпе-жекте жеңіске жетті, екі рет жеңіліс тапқан. 17 кездесуге қатысқан оның қарсыласы Альварес үшінші рет тізе бүкті. Сондай-ақ, ол UFC турнирінде бірінші рет өнер көрсетті. 

Айта кетейік, Ысмағұлов UFC ұйымында бірінші рет 1 желтоқсанда Аустралияның Аделаида қаласында жекпе-жекке шықты. Алайда қазақстандық спортшы алаң иесі Алекс Горджесті төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша ол UFC турнирінде жеңіске жеткен бірінші қазақ атанды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Казахский боец из России Дамир Исмагулов одержал вторую победу в UFC, сообщает корреспондент @Vestikzgram. ⠀ Он выступил на турнире UFC Fight Nights 145 в чешской Праге, где его соперником стал испанец Хоэль Альварес. По итогам трех раундов все судьи отдали победу Исмагулову. ⠀ Напомним, что дебютный бой в UFC Исмагулов провел 1 декабря в австралийской Аделаиде. По итогам трех раундов поединка против хозяина октагона Алекса Горджеса россиянин выигра единогласным решением судей. Таким образом, он стал первым казахом, которому удалось одержать победу в UFC. ⠀ #UFC #UFCFN #mma #UFCFN145 #мма #Kazakhstan #Казахстан #Russia #Россия #Прага #Praha #чехия #czechrepublic #ismagulovdamir #оренбург #vestikz

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети