23 ақпан 2019 16:34

Дамир Ысмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қалай көруге болады?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұловтың менеджері Саят Абдрахманов ММА әуесқойларына жігіттің UFC-дегі екінші кездесуін қалай көруге болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұловтың менеджері Саят Абдрахманов ММА әуесқойларына жігіттің UFC-дегі екінші кездесуін қалай көруге болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жарияланым UFC Prague эфирін көргісі келетін барша адамға арналады. Турнирді UFC Fight Pass платформасында ufc.tv-ден көруге болады. Сайт ақылы жұмыс істейді, айына он доллар төлеу керек, бірақ алғаш тіркелгенде бір апта тегін қолдануға болады, ал кейін тіркеуден шығып кетсе болады. Дамирдің жекпе-жегі тек осы платформада көрсетіледі, ол Астана уақытымен сағат кешкі 10-да басталады. Петидің де рингтегі шайқасын Wink платформасынан тамашалауға болады, ол Мәскеу уақытымен кешкі 10-да басталады, тіркелу айына 99 рубль тұрады. Қолдауларыңыз үшін рахмет!" - деп жазған Абдрахманов Instagram желісіндегі парақшасында. 

Турнирдің алғашқы жекпе-жегі Дамир Ысмағұловтікі, ол 23 ақпанда Астана уақыты бойынша 22.00-де басталады. Трансляцияны ESPN+ (негізгі кард) және ESPN 2 (прелим-кард) телеарналары көрсетеді. Екеуін де Қазақстанда қөру мүмкін емес.

Бұған дейін қазақстандық QazSport телеарнасы UFC турнирлерін көрсетуді тоқтатқанын хабарлаған. Қазіргі уақытта келісім-шартты тек QazSport емес, бірнеше елдер де бұзған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Пост для всех кто интересуется, как посмотреть трансляцию турнира UFC Prague. Весь турнир можно посмотреть на платформе UFC Fight Pass по адресу ufc.tv На сайте платная подписка, которая стоит 10$ в месяц, но при первой регистрации дают одну неделю подписки в подарок, в течении которой потом можно её отменить без оплаты. Бой Дамира будет эксклюзивно доступен лишь на этой платформе и начнется он в 10 часов вечера по времени Астаны. Бой Пети также можно посмотреть на платформе Wink, где подписка стоит 99Р в месяц и бой начнётся в 10 часов вечера по времени Москвы. Всем спасибо за поддержку!

Публикация от Sayat 萨亚特 ฃายัท (@sayatus)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети