Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 323.13
EUR / KZT - 367.08
CNY / KZT - 47.53
RUB / KZT - 5.43

Денис Кузин "Тосын тұлға" атанды

12 Ақпан 2014, 14:59
0
Денис Кузин. ©REUTERS
Денис Кузин. ©REUTERS
Қазақстан құрамасының конькишісі Денис Кузин 1000 метр қашықтыққа жүгіру бағдарламасы алдында "Тосын тұлға" деген атаққа ие болды деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Бұл ерекше есімді Денис Кузинге ресейлік "Р-Спорт" агенттігі берген. "Тосын тұлға" атағы Сочи Олимпиадасы барысында нидерландылық конькиші Марк Тейтертке де бұйырған екен. "Жарыс барысында екі спортшыдан тосын сый күтуге болады. Сонымен қатар жарқын жеңісті де", - дейді агенттік.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық конькиші Денис Кузин Олимпиада ойындарына Әлем чемпионы ретінде қатысады. Кузин әлем чемпионатының алтын жүлдесін 2013 жылы Сочиде өткен біріншілікте жеңіп алған. Екінші орынды ол кезде кореялық Тай Бум Мо алса, қола жүлдені америкалық спортшы Шани Дэвис иемденген.

Айта кетейік, әйелдер және ерлер арасындағы конькимен 1000 метр қашықтыққа жүгіру жарысы бүгін, яғни 12 ақпан күні Астана уақытымен 20.00-де басталады. "Адлер Арена" спорт кешенінде өтетін жарыста Денис Кузиннен басқа еліміздің намысын Роман Креч және Федор Мезенцев қорғайды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай