Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Денис Тен Golden Spin of Zagreb турнирінде көш бастап келеді

04 Желтоқсан 2015, 16:09
0
© Vesti.kz
© Vesti.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Golden Spin of Zagreb-2016 турнирінің қысқа бағдарламасын бірінші орынмен аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері алғашқы бағдарламада 94,03 ұпай жинады. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша екінші орынды 76,50 ұпаймен ресейлік Гордей Горшков алды. Үшінші орында 72,23 ұпаймен Адам Риппон тұр. Турнир туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, былтыр Денис Тен Golden Spin of Zagreb 2014 сайысының жеңімпазы атанған болатын. Денис Тен көшбасшылар сапында өнер көрсетіп, қысқа бағдарламада - 92,51 балл жинады. Мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында екінші деңгейлі нәтижеге қол жеткізіп, - 157,43 баллды еншіледі. Осылайша Денис Тен екі бағдарламаның қортындысы бойынша, - 249,94 балл жинап, бірінші орынды иеленді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай