26 қазан 2014 15:46

Денис Тен Skate America турнирінде төртінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен. ©Reuters Денис Тен. ©Reuters

"Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Чикаго қаласында өтіп жатқан Skate America гран-приінің бірінші кезеңінде төртінші орынды иеленді" деп хабарлайды Vesti.kz.


"Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Чикаго қаласында өтіп жатқан Skate America гран-приінің бірінші кезеңінде төртінші орынды иеленді" деп хабарлайды Vesti.kz.

Сочидағы Олимпиадалық ойындар кезінде қола жүлдегері атанған Денис 147.56 ұпай жинапты. Ал бірінші орын өзінің 175.70 ұпаймен жапондық Татсуки Мачидоға бұйырған. Айта кетейік, екінші орында америкалық - Джейсон Браун, үшінші орында – канадалық Нам Нгуен.

Естеріңізге салсақ, Денис Тен Сочи қаласында өткен қысқы Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері және 2013 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын. Сочидағы жеңісі үшін Алматы қаласының әкімі оған 75 мың АҚШ доллары мен көліктің кілтін сыйға тартқан еді. Ал Жапонияда өткен 2014 жылғы әлем чемпионатына Тен қатыспады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети