Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыда екі бөлмелі пәтерге ие болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Оған бұл пәтер спорттағы жетістігі үшін берілді - ол Сочидегі қысқы Олимпиадада қола жүлдеге ие болған болатын. Бұл - ойынға қатысқан қазақстандық делегацияның жалғыз наградасы.

Денис Тенге пәтер Central Park Residence тұрғын үй кешенінен берілді, осы жылдың аяғында-ақ ол үйіне кіре алады. "Үлкен рахмет! Мұндай сыйлықты мен алғаш рет алып отырмын! Бұл өте бағалы, әлі де сене алмай отырмын. Мен сіздердің компанияларыңызға шын ризашылығымды білдіремін. Бәрінен бұрын, мен сіздерге ата-анамның атынан алғыс айтқым келеді, себебі олар қашанда менің еңбегімнің табысты болуын тілейтін. Мен бұл жағын көп ойламайтынмын. Сондықтан қазір менің ата-анамның қуанышында шек жоқ, солардың атанына да сіздерге алғыс білдіремін", - деді спортшы. Мұның толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар.
Еске сала кетейік, Сочидегі Олимпиададан кейін Денис Тен "Құрмет" орденімен наградталған болатын. Бұдан бөлек, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәнерлеп сырғанаушыға Chevrolet Cruze автокөлігінің кілтін табыс еткен. Сонымен қатар Денис Тен ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің алқа мәжілісінде "Жыл серпіні" аталымы бойынша "Жыл спортшысы" республикалық конкурсының жеңімпазы атанды. Онымен қоса жақында ол Қазақ-Британ Техникалық Университетінің студенті атанды. Қазан айында мәнерлеп сырғанау шебері Skate America Гран-при кезеңінде өзінің жаңа бағдарламаларын жұртшылыққа паш етіп, төртінші орын алған болатын.