31 қазан 2014 13:00

Денис Тен Алматыдан пәтер алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтер алады, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтер алады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Спорт порталының мәліметі бойынша, Денис Тен 1 қараша күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізеді, онда ол жаңа маусымның басталуы туралы айтып, жақын арадағы жоспарларымен бөліседі. Мұнымен қатар, мәнерлеп сырғанаушыға Central Park Residence тұрғын үй кешеніне пәтер берілмек. Спортшыға мұндай сыйлықты кімнің жасайтыны әзірше беймәлім қалып отыр. Сонымен бірге, спортшының жанкүйерлері онымен бірге естелік суретке түсуге мүмкіндік алады. 

Еске сала кетейік, Денис Тен - Сочидегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының сапында қола жүлдені жеңіп алған жалғыз спортшы. Олимпиададан кейін ол "Құрмет" орденімен марапатталған. Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Дениске Chevrolet Cruze автокөлігінің кілтін берді. Одан бөлек, Денис Тен "Жыл спортшысы" байқауында "Қарқынды спортшы" номинациясын жеңіп алды. Ал жақында ол Қазақ-Британ университетінің студенті атанды. Қазан айында Денис Skate America Гран-при кезеңінде жаңа бағдарламамен өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша, қазақстандық төртінші орын алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети