Денис Тен Шанхайдағы ӘЧ бірінші күнінің қорытындысы бойынша 3-орын алды

27 Наурыз 2015, 18:57
1
Денис Тен Шанхайдағы ӘЧ бірінші күнінің қорытындысы бойынша 3-орын алды - Денис Тен. ©REUTERS
Денис Тен. ©REUTERS

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Шанхайдағы ӘЧ бірінші күнінің қорытындысы бойынша 3-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денис Теннің өнер көрсетуі ұйымдастырушылардың қателігімен басталды. Олар ән қоюда қателік жіберді. Мәнерлеп сырғанаушының көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін кедергілер болды. Қазақстандық бірінші секірісінде құлады. Бағдарламаның қалған бөлігінде ол қатесіз сырғанап, қазылар алқасы оған 85,89 балл берді.

Бұл көрсеткіш спортшыны бірінші орынға шығарды, бірақ алда әлі төрт атлеттің өнері бар еді. Нәтижесінде испан Хавьер Фернандес (92,74 балл) пен жапон Юдзуру Ханю Денис Теннің алдын орады. Айта кетейік, соңғысы қысқа бағдарлама бойынша бірінші орын алды.

Еске сала кетейік, Шанхайда мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 23 наурызда басталған еді. Ерлер арасында 28 наурызда еркін бағдарлама бойынша сайыс өтеді. Денис Теннің өнерін тікелей эфирде KazSport телеарнасы көрсетеді. 

Айта кетейік, Шанхайдағы чемпионат қарсаңында New York Times газеті Денис Тенге мақала арнаған болатын. Басылымның шолушысы Кристофер Клэри қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының жаңа жетістіктерге жетуге дайын екенін және Шанхайдағы әлем чемпионатында жаңа деңгейге көтеріле алатынын айтқан болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай